Пандемия әлем бойынша қалыптасқан тәртіп пен дағдыны бастан-аяқ өзгеріске ұшыратты. Өткен жылы Токиодағы Олимпиада ойындары кейінге қалдырылды. Коронавирустқ инфекцияның салдарынан әлемдік деңгейдегі көптеген спорттық және мәдени шараларға тоқтау салынды.
Бірқатар елде жүріп жатқан вакциналауға қарамастан, ұжымдық иммунитет әлі де қол жетпестей көрініп тұр. Биылғы жылы Рио-де-Жанейродағы карнавалдың өтпеуіне де дәл осы себеп түрткі болды.
Қала мэрі Едуарду Паис Twitter желісіндегі парақшасында Риодағы карнавалдың экономика, мәдениет пен туризм саласы үшін қаншалықты маңызды екенін ескергенмен, осы жылы өтпейтінін хабарлады.
Бразилия бүгінде коронавирустан қайтыс болғандар саны бойынша әлемде екінші орында тұрған мемлекет. Мұнда 23 мыңнан астам азамат коронавирус құрбаны болды.
Қала басшысы өз постында 2022 жылы вакцина салдырғандардың барлығы карнавалды бүкіл сән-салтанатымен атап өтетінін жеткізді.
Бразилиядағы карнавал үш ғасырдан бері жалғасып келе жатқан шара. Көшедегі алғашқы шерулер XVIII ғасырда өткені белгілі.
Егер, ХІХ ғасырдың басында полька биі карнавалдағы басты би болып саналса, 1917 жылдан бері карнавалдық шеру кезінде самбо биін билеу өзгермес дәстүрге айналған.