Қоғам

Белгілі ақын Шөмішбай Сариев дүниеден өтті

© Sputnik / Абзал КалиевГвоздики
Гвоздики - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.02.2021
Жазылу
Шөмішбай Нағашыбайұлы бүгін түсте кенеттен науқастанып қайтыс болды. Ол әйелімен бірге ауруханада жатқан

АЛМАТЫ, 15 ақпан – Sputnik. Ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Шөмішбай Сариев 75 жасына қараған шағында ауруханада қайтыс болды. Қаралы хабарды Sputnik Қазақстан тілшісіне Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет жеткізді.

"Әйелімен бірге ауруханада жатқан екен. Әйелін кеше шығарыпты. Шөмішбай Нағашыбайұлы бүгін түсте кенеттен науқастанып дүниеден өтті. Арамызда жүрген кісі еді. Бірнеше күн бұрын телефон арқылы сөйлескендер бар екен. Қазір үйіне бара жатырмыз. Қаралы хабарды мемлекеттік хатшы, әкімдік өкілдері естіді", - деді Есдәулет.

Айтуынша, ақынның қазасына коронавирустың қатысы жоқ.

Мәжіліс депутаты Глеб Щегельский өмірден өтті

Шөмішбай Нағашыбайұлы Сариев 1946 жылы 15 сәуірде Қызылорда облысының Арал ауданындағы Шөміш стансасында туған.

1971 жылы ҚазМУ-дың журналистика факультетін бітірген.

1970-74 жылдары "Қазақстан" баспасында редактор, "Жұлдыз" журналында бөлім меңгерушісі, Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтында ғылыми қызметкер болды.

Алғашқы жыр жинағы 1974 жылы "Балдәурен" деген атпен жарық көрген. Содан бергі аралықта қазақ, орыс тілдерінде он бес шақты кітабы шықты.

1994 жылы "Жазушы" баспасынан таңдамалы өлеңдер томдығы, 1992 жылы "Сүйінші" деген атпен әнге жазылған өлеңдері жеке жинақ болып басылған.

2003 жылы Франц Кафка атындағы халықаралық сыйлықтың лауреаты, 2004 жылы "Тарлан" сыйлығының иегері атанды.

 

Жаңалықтар
0