17:57 29 Қазан 2020
Тікелей эфир
  • USD430.51
  • EUR505.72
  • RUB5.51
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
18024 0 0

Депутат Глеб Щегельскийдің 17 қазанда 51 жасында дүниеден өткені хабарланып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 17 қазан – Sputnik. Мәжіліс депутаты Глеб Щегельский өмірден өтті. Ақпаратты парламенттің төменгі палатасының баспасөз қызметі растады. 

Глеб Щегельский 2020 жылдың 17 қазанында 51 жасында кенеттен жүрек талмасынан қайтыс болған.

Глеб Щегельский
Глеб Щегельский

Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин экология мәселелері және табиғатты пайдалану комитетінің төрағасы Глеб Щегельскийдің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты.

"Глеб Анатольевич Щегельскийдің мезгілсіз қайтыс болғаны туралы хабарды ауыр қайғымен қабылдадым. Ол ерекше адами және кәсіби қасиетке ие, кез-келген нәрсеге мұқият қарайтын өте жауапты және еліміздің нағыз патриоты еді", - деді Нығматулин.

Ол Шегельскийдің Қазақстанның заңнамалық базасын жетілдіруге елеулі үлес қосқанын атап өтті. 

"Осы қиын сәтте оның туыстары мен жақындарына бүкіл депутаттық корпустың және жеке өз атымнан қайғырып көңіл айтамын. Сенімді әріптес, пікірлес, мәжіліс депутаты Глеб Анатольевич Щегельский туралы жарқын естеліктер біздің жүрегімізде мәңгі сақталатын болады", - деді мәжіліс төрағасы.

Глеб Щегельский туралы 

1969 жылы Целиноград облысының Степногорск қаласында туған. Мәскеудің С.Орджоникидзе атындағы Авиация институтын бітірген.

Еңбек жолын Ақтөбе ферроқорытпалар заводында балқытушы, инженер болып бастаған. Әр жылдары Ақтөбе қаласы әкімінің бірінші орынбасары, Рика ТВ" ЖШС директорының орынбасары, ҚР Индустрия және сауда министрлігінің Ақтөбе техникалық реттеу және метрология департаментінің директоры болып еңбек еткен. 

2012 жылдан бесінші сайланған парламент мәжілісінің депутаты, мәжілістің қаржы және бюджет комитетінің және "Нұр Отан" партиясы фракциясының мүшесі, 2016 жылдан алтыншы сайланған мәжілісінің депутаты, экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің төрағасы болды.

Астанаға 10 жыл, "Нұр Отан", Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы медальдерімен, "Құрмет" орденімен марапатталған.

Төрт баласы бар. 

Кілт сөздер:
Мәжіліс
Загрузка...

Басты тақырып