НҰР-СҰЛТАН, 15 ақпан – Sputnik. Егер цифрлық гигиена ережелері сақталмаса, компьютердегідей телефонға да вирус немесе зиянды бағдарлама сияқты біз қаламаған "қонақтар" кіре алады. Бұл туралы "Прайм" агенттігіне Роскачестваның цифрлық өнімдерді талдаушы-зерттеушісі Эльвина Насибулина айтып берді.
"Айталық, тиісті деңгейде қорғалмаса зиянды бағдарламалар арқылы компьютерге шабуыл жасаушылар жеке деректер мен төлем ақпараттарын ала алатыны белгілі. Сол сияқты, тыңдау мен суретке түсіру, дыбыс, бейне жазу және басқа да қосымшалардағы шпиондық бағдарламалар арқылы әрбір телефоннан деректер ұрлану қаупі бар екендігін қаперде ұстаған жөн", – дейді Насибулина.
Пайдаланушылардың өздері көп жағдайда жіті көңіл аудармай орнату арқылы камера мен микрофонға қолжетімділікті қамтамасыз етіп, файлдарды өзгертетін тыңшылық бағдарламаның кіруіне рұқсат береді.
Бұдан қорғанудың ең тиімді жолы, "қосымша орнатуға келісім бермес бұрын жақсылап ойлану", дейді сарапшы.
Оқи отырыңыз: Енді смартфон арқылы кредит алу мүмкін болады
Солай десек те, Насибулина мұндай қауіптің басым бөлігі Android пен IPhone-ның операциялық жүйесінде анағұрлым жақсы қорғалғанын айтады.