12:27 18 Қаңтар 2021
Тікелей эфир
  • USD420.71
  • EUR516.13
  • RUB5.65
Экономика
Қысқа сілтеме алу
1226 0 0

Енді қашықтықтан банк есепшотын ашып, кредит немесе картаны алуға болады – тек интернет керек

АСТАНА, 24 желтоқсан — Sputnik. Қазақстандықтар қаржылық қызметтерді қашықтықтан алу мүмкіндігіне ие болмақ, өз тұлғасын дауысы мен бет-жүзі арқылы растайтын болады. Бұл жоба 2019 жылдың басында сынақтан өткізіледі, деп хабарлайды Қазақстанның Ұлттық банкі. 

Клиенттерді биометриялық көрсеткіштер – бет-әлпеті, дауысы арқылы онлайн-идентификациялау арқылы қаржылық қызметтер қолжетімді болмақ. Бұдан бөлек, мемлекеттік деректер базасындағы мәліметтер пайдаланылады. 

"Бұл сұранысқа ие қаржылық қызметтерді қашықтықтан алу үшін қажет. Мәселен, интернет арқылы банк есепшотын, төлем картасын ашу, кредит алу", — деді Ұлттық банк төрағасының орынбасары Жанат Құрманов "Astana Hub" кездесуінде. 

Қашықтықтан индентификациялау тетігі қазақстандықтарға, оның ішінде алыс өңірлерде тұратын тұрғындарға қаржылық қызметтерді қашықтықтан, смартфон, планшет немесе компьютер арқылы алуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, Ұлттық банк Open API ашық платформаларын іске қосу мүмкіндігін қарастырып жатыр. Бұл мақсатта банктердің қатысумен стандарттарды әзірлейтін жұмыс тобы құрылды.

Тақырып бойынша

Банктен несие алған кезде шартты қалай оқыған дұрыс?
Депутат мұғалімдерге пайызсыз несие беруді ұсынды
"Nur Kapital". 1%-бен несие беретін бағдарлама іске қосылды
"Қымбат ота мен бірнеше несие". Қазақстандықтар Құран кәрімді неге сатып жатқанын айтты
Психоаналитик қандай адамдардың несие алуға құмар болатынын айтты
Грантқа ілікпеген түлектер студенттік кредит бойынша оқуға түсе алады
Кілт сөздер:
қаржылық қызметтер, несие, Ұлттық банк
Загрузка...

Басты тақырып