Экономика

Сәтбаев: Халық зейнетақы қорындағы өз ақшасын кредит ретінде алады

© Sputnik / Болат ШайхиновАқша
Ақша - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Саясаттанушылар Ұлттық банк зейнетақы қорындағы ақшаның көмегімен жекеменшік банктерді құрдымнан шығаруды көздеп отырғанын айтты

АСТАНА, 18 тамыз — Sputnik. 200 миллиард теңге экономиканы қолдау мақсатында кредит ретінде берілмек. Бірақ бұл бағдарламаға тек өз капиталы 60 миллиард теңгеден асатын қаржы ұйымдары ғана қатыса алады. 

Светлана Жақыпова - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Жақыпова: пәтер мен көлікті сатудан зейнетақы жарнасы алынбайды

Әзірге мұндай жеке капитал еліміздегі тек 5-ақ банкте бар. Ұлттық банктің осы ұсынысына олар алақанын ысқылап отыр. Қаржы институттары ақшаны нарықтағы жағдайға сай алуына болады. Яғни, ол үшін банктік облигациялар Қазақстан қор биржасында жарияланады. Өзге инвесторлар қатыспаған жағдайда бір ойыншының шығарылған бағалы қағаздың 50 пайызынан артығын алуға мүмкіндігі болмайды, деп хабарлады КТК. 

Қазірдің өзінде зейнетақы қорындағы актив есебінен алынған облигациялар сатылымға шығарылған. Бірақ саясаттанушылар бұл бастаманың ел қаржысының көмегімен банктерді құрдымнан шығарудың кезекті әрекеті екенін алға тартып отыр.

 "Жуырда ғана президент Ұлттық қор есебінен банктерге көмек көрсетілмесін деген еді, енді зейнетақы қорындағы ақшаға көз тігіп отыр. Бұл оған дейін де жасалған еді. Қаржының басым бөлігі дефолтқа ұшыраған банктерге берілген. Салық төлеушілер өз ақшасын кредит ретінде алады, ал қаржы ұйымдары пайда табады", — дейді саясаттанушы Досым Сәтбаев.

 


Жаңалықтар
0