НҰР-СҰЛТАН, 15 ақпан – Sputnik. 20-22 жас аралығындағы жас ойыншылар "Астана" футбол клубының негізгі құрамында ойнауға үміткер болуға тиіс. Бұл туралы Sputnik Қазақстанға елорда футбол клубының атқарушы директоры, танымал қазақстандық қақпашы Давид Лория айтып берді.
"Қазір біздің 20, 21, 22 жастағы тәрбиеленушілеріміз Түркиядағы оқу-жаттығу жиынында жүр. Олардың көпшілігі осы жаста негізгі құрамдағы орынға үміткер болуға тиіс. Әрине, бәрі өздеріне байланысты, бірақ біз оларға мүмкіндік береміз, өйткені "Астана" футбол клубының тәрбиеленушілері өз клубында ойнағанын қалаймыз", - деді Лория Sputnik Қазақстанның мультимедиялық баспасөз орталығында агенттік тілшісіне берген сұхбатында.
Сонымен қатар ол Түркістанда өтетін жаңа форматтағы Қазақстан суперкубогы туралы пікір білдірді. Бұған дейін жеңімпаз ұлттық біріншіліктің чемпионы мен Қазақстан кубогының иегері арасындағы ойында анықталатын. Жарыс енді төрт матчтан тұрады – екі жартылай финал ойыны, үшінші орын үшін матч және финал.
"Өте қызықты формат. Бұл командалар үшін де, жанкүйерлерге де қызықты болады деп ойлаймын", - деп жауап берді Лория.
Sputnik Қазақстан халықаралық ақпарат агенттігі және радио мен елдегі чемпионат көшбасшыларының бірі "Астана" футбол клубы ақпараттық өзара әрекеттестік туралы келісімге қол қойды.
Оқи отырыңыз: Sputnik Қазақстан "Астана" футбол клубының ақпараттық серіктесі атанды
Sputnik Қазақстан оқырмандары эксклюзивті фото және видеоконтентті көріп, ұлттық футболдың ойыншылары мен жаттықтырушыларының эксклюзивті сұхбаттарынан ұлттық футболдың өкілдері қалай өмір сүретінін алғаш болып біледі.