Sputnik Қазақстан "Астана" футбол клубының ақпараттық серіктесі атанды

© Sputnik / Абзал КалиевПодписание соглашения об информационном партнерстве между Sputnik Казахстан и футбольным клубом "Астана"
Подписание соглашения об информационном партнерстве между Sputnik Казахстан и футбольным клубом Астана   - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.02.2021
Жазылу
Әріптестіктің мақсаты – спортты насихаттау, "Астана" футбол клубының қызметі жайлы жедел және сапалы ақпарат тарату

НҰР-СҰЛТАН, 15 ақпан — Sputnik. Sputnik Қазақстан халықаралық ақпарат агенттігі және радио мен елдегі чемпионат көшбасшыларының бірі "Астана" футбол клубы ақпараттық өзара әрекеттестік туралы келісімге қол қойды. 

Елордадағы Sputnik мультимедиялық баспасөз орталығында "Россия сегодня" ХАА Қазақстандағы өкілдігінің жетекшісі Виктор Панов пен "Астана"ФК атқарушы директоры Давид Лория тиісті құжаттарға қол қойды.

Әріптестіктің мақсаты – спортты насихаттау, "Астана" футбол клубының қызметі жайлы жедел және сапалы ақпарат тарату. Ендігі ретте Sputnik Қазақстан өз оқырмандарына команда ойындарының эксклюзивті фото және видеоконтентін, футболшылар мен бапкерлермен сұқбаттар ұсынады, отандық футбол өкілдерінің өмірі жайлы қызықты материал таратады.

"Қазақстандағы интернет БАҚ-тың үздік үштігіне кіретін Sputnik алғаш рет спорттық ұйымның медиа-серіктесі атанып отыр. Бұл әріптестік табысты болатынына сенімдімін. Себебі, біздің аудитория үшін спорт тақырыбы маңызды. Агенттіктің мультимедиялық мүмкіндіктері, заманауи баспасөз орталығы футбол аясындағы ауқымды шаралар мен елдегі жетекші клубтың жетістіктері жайлы түрлі форматта ақпарат таратуға қабілетті", - деп атап өтті Виктор Панов.

© Sputnik / Абзал Калиев"Россия сегодня" ХАА Қазақстандағы өкілдігінің жетекшісі Виктор Панов
Sputnik Қазақстан Астана футбол клубының ақпараттық серіктесі атанды - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.02.2021
"Россия сегодня" ХАА Қазақстандағы өкілдігінің жетекшісі Виктор Панов

"Біз Sputnik Қазақстанмен келісім жасағанымызға қуаныштымыз. Бұл біздің клуб айналасында медиа-кеңістіктегі жұмыс процесін дұрыс үйлестіруге қарай жасалған үлкен қадам. Sputnik өзін Қазақстанда, жалпы ТМД аумағында сенімді серіктес ретінде танытып үлгерді. Біз жаңа биіктерді бірге бағындыратынымызға сенемін", - деді өз кезегінде Давид Лория.

© Sputnik / Абзал Калиев"Астана"ФК атқарушы директоры Давид Лория
Sputnik Қазақстан Астана футбол клубының ақпараттық серіктесі атанды - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.02.2021
"Астана"ФК атқарушы директоры Давид Лория

Sputnik Қазақстан 2016 жылдың қыркүйегінде өз жұмысын бастады. Оның активтері қатарында қазақ және орыс тілдеріндегі ақпараттық портал, интернет-радио және жоғары технологиялық мультимедиялық баспасөз орталығы бар. Sputnik Қазақстан Sputnik халықаралық ақпарат агенттігі және радиосының бір бөлігі.

Sputnik – 31 тілдегі мультимедиялық интернет-сайтты, әлемнің 90-нан астам еліндегі аналогтық және цифрлық радиохабар тарату жүйесін біріктіретін ірі халықаралық БАҚ-тың бірі. Sputnik ағылшын, араб, испан, қытай және парсы тілдерінде әлемнің жетекші басылымдарын тәулік бойы ақпаратпен қамтиды. Sputnik "Россия сегодня" медиатобының құрамына кіреді. Sputnik бас кеңсесі Мәскеуде орналасқан.

2009 жылы құрылған "Астана" футбол клубы – Қазақстан футболындағы беделді клубтардың бірі. Оның қоржынында әлем чемпионатының 6 жүлдесі бар. Ол үш рет Кубок иеленіп, бес рет Қазақстан Суперкубогінің жеңімпазы атанды. Бұдан бөлек, "Астана" ФК Чемпиондар лигасының бірінші топтық кезеңіне өткен қазақстандық алғашқы клуб. Ол Еуропа Лигасының топтық кезеңінде үш рет өнер көрсетті. Ал 2017/2018 маусымында осы турнирдің 1/16 финалында алаңға шықты.

Жаңалықтар
0