Қоғам

Адамзатты коронавирустан кейінгі пандемия күтіп тұр – қазақ дәрігерінің мәлімдемесі

© Sputnik / Владислав ВодневВрачи в защитных костюмах в отделении интенсивной терапии в больнице с коронавирусом в Нур-Султане
Врачи в защитных костюмах в отделении интенсивной терапии в больнице с коронавирусом в Нур-Султане - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.02.2021
Жазылу
Қазірдің өзінде COVID көп жағдайда рак ауруларының дамуына түрткі болатыны анықталып отыр, дейді Ләззат Ерәлиева

НҰР-СҰЛТАН, 12 ақпан – Sputnik. Адамзатты постковидтік пандемия күтіп тұр. Бұл туралы ДСМ Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығы директорының клиникалық және ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары, медицина ғылымдарының докторы, профессор Ләззат Ерәлиева айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Адамзатты коронавирустан кейінгі пандемия күтіп тұр. Дәрігерлерге коронавирус инфекциясының салдарларымен күресуге тура келеді. Оның қандай салдары барын біз қазір білеміз – олар әртүрлі. Неврологиялық өзгерістер, жүрек ақауы қалып жатады. Қазірдің өзінде COVID көп жағдайда рак ауруларының дамуына түрткі болатыны белгілі", - деді Ерәлиева онлайн брифингте.

Коронавирус жұқтырған симптомсыз науқасқа вакцина салуға бола ма? 

Ол коронавируспен ауырып шыққан адамдарда шаршаңқылық, ұйқысыздық, түнде кенеттен үрейлену сияқты неврологиялық өзгерістер байқалатынын атап өтті.

"Бұл белгілер ұзаққа созылады. Сол себепті екпе ектіргеннен гөрі ауырып шыққан дұрыс деп ойлау – мүлде қате пікір", - деді профессор.

Бұған дейін қазақстандық дәрігер коронавирус жұқтырған симптомсыз науқасқа вакцина салса, не болатынын айтқан еді.

Жаңалықтар
0