Қоғам

Коронавирус жұқтырған симптомсыз науқасқа вакцина салуға бола ма?

© REUTERS / AGUSTIN MARCARIANПоставка доз вакцины Sputnik V (Gam-COVID-Vac) против коронавирусной болезни (COVID-19)
Поставка доз вакцины Sputnik V (Gam-COVID-Vac) против коронавирусной болезни (COVID-19) - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.02.2021
Жазылу
Профессор Ләззат Ерәлиева коронавирус жұқтырған симптомсыз науқас вакцина салдырса ештеңе болмайтынын айтты. Дене қызуы көтеріліп, екпе егілген жері ауыруы мүмкін   

НҰР-СҰЛТАН, 12 ақпан – Sputnik. Медицина ғылымдарының докторы, профессор Ләззат Ерәлиева коронавирус жұқтырған, бірақ ауру белгілері байқалмайтын адамдарға инфекцияға қарсы вакцина салуға бола ма деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Бірден айтайын, мұндай адамға жаман ештеңе де болмайды. Дене қызуы көтеріліп, екпе егілген жері ауыруы мүмкін, бәлкім. Бірақ иммунитет қалыптасады. Мұнда қорқынышты ештеңе де жоқ", - деп сендірді ДСМ Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығы директорының клиникалық және ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары Ләззат Ерәлиева.

Айтуынша, бұған басқа вакциналарды қолдану тәжірибесі дәлел бола алады. Тіпті симптомсыз науқастың иммундық жауабы вакцина салдырған сау адамға қарағанда әлдеқайда жоғары болатыны туралы мәліметтер бар.

Алексей Цой отандық вакцина туралы: үлкен сенім артып отырмыз

Егер адам вакцинаның бірінші дозасын алғаннан кейін вирус жұқтырса, оған екінші доза салынбайды, деп жалғастырды дәрігер.

"Алайда иммунитет берік болуы үшін екі доза алу қажет. Індетпен ауырып шыққан науқаста иммунитет небәрі 5-6 ай сақталады, сол себепті бәрібір де адамға вакцина салдыру керек. Доза мөлшері қайта қаралып, адамға үшінші доза егу қажет болып қалуы мүмкін. Қазір бұл мәселе шешіліп жатыр. Өйткені клиникалық сынақ әлі аяқталған жоқ, мәліметтер түсуде. Бірақ, әзірге екі доза ғана",- деді Ерәлиева.

 

Жаңалықтар
0