13:26 26 Ақпан 2021
Тікелей эфир
  • USD414.77
  • EUR506.81
  • RUB5.64
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
COVID-ке қарсы вакцина (102)
260 0 0

"QazCovid-in" инактивті вакцина болып саналады. Тұтас бір вирусты саналуан химикаттармен зиянсыз қылып, белсенділігін төмендетеді

НҰР-СҰЛТАН, 10 ақпан – Sputnik. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой өзіне отандық "QazCovid-In" вакцинасын салдырудың себебін айтты,  деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Қазақстанда QazCovid-In вакцинасы жасалып жатыр. Оның технологиясы өзгеше. Бұл – инактивті вакцина. Біз клиникалық зерттеу кезеңдерін ерекше бақылауда ұстап отырмыз. Қазір сынақтың үшінші фазасы – соңғы кезең аяқталуға жақын. Осы уақытқа дейін үш мың еріктіге салынды. Барлық еріктінің жағдайы жақсы, жағымсыз әсерлер байқалған жоқ, - деді Цой орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.

Министрдің айтуынша, шамамен, сәуір айында вакцина шығарылады.

"Біз оған үлкен сенім артып отырмыз. Алдын ала болжам бойынша отандық вакцинаның тиімділігі 90 проценттен асып отыр. Бұл – өте жақсы көрсеткіш"зерттеу кезінде отандық вакцина жақсы нәтиже көрсетті, - деді министр. 

Цой денсаулық сақтау министрі ретінде қазақстандық вакцина қолданылуын қалайтынын атап өтті.

"Екпе ресми түрде вакцинацияға шығарылғанда бірінші болып оны өзіме салдырамын", - деді ол.

Қазақстандық вакцинаның артықшылығы неде

Бұған дейін Sputnik Қазақстан тілшісіне сұқбат берген Страсбург университетінің молекулярлық биология және вирусология саласындағы PhD докторы, ғалым Әсел Мұсабекова ресейлік және қазақстандық вакцинаның айырмашылығын түсіндіріп берген. Оның айтуынша, "Спутник V" векторлық вакциналарға жатады. Оны аденовирус негізінде жасайды. Атап айтқанда, екі компонент бар. Біреуі – 5-ші аденовирус, екіншісі – 26-шы аденовирус. Оларға қазіргі COVID-19-дың бір бөлшегін қосып қояды. Осылайша векторлар, яғни аденовирустар адам ағзасындағы жасушаларға жаңа вирус туралы "ақпарат" жеткізеді де, антиденелер бөліне бастайды.

Ал "QazCovid-in" инактивті вакцина болып саналады. Ондайда тұтас бір вирусты сан алуан химикаттармен зиянсыз қылып, белсенділігін төмендіп қояды.  Бұл әдістің өзіндік қиыншылығы мен артықшылығы бар. Қиындығы сол, вирустарды өсіріп, инактивация жасау үшін III деңгейдегі биологиялық қауіпсіздігі бар зертхана қажет. Қазақстанда ондай зертхана бар.

Осылайша, векторлық вакцинада аденовирустарға коронавирустың бір ғана бөлшегін қосады. Ал инактивті вакцинада тұтас вирусты қолданады. Белсенді емес вирусты адам ағзасына енгізгеннен кейін жасушалар оны орап алады да, иммундық жүйеге жан-жағынан "таныстырады". Сөйтіп, сан алуан антиденелер қалыптасады, жақсы қорғаныс болады.

Жаппай вакцинация басталды

Қазақстанда 1 ақпанда коронавирусқа қарсы жаппай вакцинациялау басталды. Екпе алдымен инфекцияны жұқтыру және тарату қаупі жоғары халықтың осал топтарына кезең-кезеңмен салынады. Олардың ішінде медицина қызметкерлері, педагогтар, құтқарушылар, полицейлер, әскерилер, созылмалы ауруы бар адамдар бар. Екпе тегін және ерікті түрде егіледі.

15 ақпаннан бастап Қарағанды зауытында шығарылған "Спутник V" препараты вакцинация үшін пайдаланыла бастайды. Ал сәуір айынан бастап COVID-19-ға қарсы QazCovid-in қазақстандық вакцинасын егу жоспарланып отыр.

Тақырып:
COVID-ке қарсы вакцина (102)

Тақырып бойынша

Халықты түстерге бөлу мен QR-код: министр Цой қазақстандықтарға үндеу жасады
Қай кезде маскасыз жүруге болады – денсаулық министрлігінің жауабы
Министрлік вакцинаның жағымсыз әсері үшін кім жауап беретінін айтты
Вакцинадан бас тартқан медицина қызметкерлерінің саны белгілі болды
Коронавируске байланысты СҚО-да бірнеше білім ордасы карантинге жабылды
Кілт сөздер:
министр, денсаулық, вакцина
Загрузка...

Басты тақырып