Елорда тынысы

LRT-ның тағдыры не болады – Көлгінов пікір білдірді

© Sputnik / Владислав ВодневОпоры проекта Астана LRT
Опоры проекта Астана LRT  - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.02.2021
Жазылу
Нұр-Сұлтан әкімі аяқсыз қалған жобаға қыруар қаражат жұмсалғандықтан құрылыс жұмыстары жалғасатынын мәлімдеді

НҰР-СҰЛТАН, 10 ақпан – Sputnik. Елорда әкімі Алтай Көлгінов LRT-ның құрылысы туралы айтты,  деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"LRT барлық қала тұрғынын мазалап жүр. Пандемияға байланысты жобаны жалғастыру жұмысы тоқтатылды. Сыртқы қарыз алу қажет болды. Ол ақшаны Қазақстандағы екінші деңгейлі банктерден ғана емес, халықаралық банктерден де тарту керек. Қазіргі кезде бұл жұмыс қайта қолға алынды. Банктер ақша тартуы керек", - деді Көлгінов онлайн форматта өткен халыққа есеп беру кездесуінде.

Оқи отырыңыз: Тағы бір ел "Астана LRT" ісі бойынша күдіктіге іздеу салды 

Әкім бітпей тұрған құрылыс нысандары қаланың көркін бұзып тұрғанын да мойындады. Дегенмен LRT-ның құрылысы жалғасады.

"Иә, шыны керек, бітпей тұрған құрылыс қаланың көркін қашырып тұр. Сосын осы нысандарға қыруар қаражат жұмсалды. Сондықтан құрылыс жұмыстары жалғасады", - деп түйіндеді Көлгінов.

LRT проблемасы

2020 жылдың 29 қазанында елорданың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында LRT құрылысына қатысты сот отырысы басталды.

Сот алдында жеті адам жауап беріп жатыр. Олар – жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бұрынғы басшысы Рашид Аманжолов, Нұр-Сұлтан қалалық мәслихатының бұрынғы хатшысы және депутаты Жанат Нұрпейісов, "Astana Innovations" АҚ экс-басқарма төрағасы Талғат Әшім, сондай-ақ, әртүрлі кәсіпорындардың қызметкерлері Улугбек Ачилов, Тимур Қасабаев, Дулат Мусенов және Дәурен Әбдіхамитов.

Ал елорда әкімінің бұрынғы орынбасары Қанат Сұлтанбеков пен "Астана LRT" ЖШС бұрынғы басшысы Талғат Ардан халықаралық іздеуде жүр. Тергеу материалдарына сәйкес, Сұлтанбеков пен Ардан қылмыстық топ құрып, LRT құрылысына кететін шығындарды 24 миллиард теңгеге артық көрсеткен. Осы қылмысқа әкімдіктің басқарма басшылары, сондай-ақ, шетелдік және отандық компаниялардың өкілдері қатысқан.

Бүгінде қылмыстық топ мүшелері 5,8 миллиард теңгені жымқырғаны үшін айыпталып отыр.

Жаңалықтар
0