Өңірлер

Отағасы ұйықтап жатқан: Терезеден қарап отырған әйел қызынан көз жазып қалды

© AFP 2024 / MARIA ANTONOVAАрхивное фото силуэта женщины на фоне окна
Архивное фото силуэта женщины на фоне окна - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.02.2021
Жазылу
Петропавлда тәрітп сақшылары адасып қалған бес жасар қызды үйіне қайтарды. Полицей келген кезде ата-анасы қызды іздеуге енді шықпақ болған

НҰР-СҰЛТАН, 9 ақпан – Sputnik. Петропавл полицейлері адасып қалған бес жасар қызды үйіне қайтарды, деп хабарлады Polisia.kz.

7 ақпанда Петропавлда көшеде жалғыз жүрген бес жасар қызды көрген қала тұрғыны полицияға хабарласқан.

Ол өзінің есімін, ата-анасы мен інісінің есімдерін сенімді түрде айтқанымен, тегі мен мекенжайын есіне түсіре алмаған. Ұзақ уақыт бойы қызды ешкім іздемеген. Әйел баланы өз үйіне әкеліп, кейін полицияға қоңырау шалған.

Оқи отырыңыз: Балқашта із-түзсіз жоғалған қыздың қайда жүргені анықталды 

Тәртіп сақшылары кішкентай қызға ілесе отырып оның мекенжайын тез тауып алған. Қыз бала өзінің үйін таныған, өзі алып жүрген домофонның кілтімен подъездің есігін ашқан. Ювеналдық полиция тобының учаскелік инспекторы баланы пәтеріне жеткізіп салды.

Отағасының түнгі кезекшіліктен кейін ұйқыға кеткені, ал анасының қызын терезе арқылы қарап отырғанымен, жөргектегі сәбиіне қарайлаған сәтінде баланың назардан тыс қалғаны анықталды.

Полицей келген кезде олар қызды іздеуге енді шықпақ болған. Абыржыған ана қызы бұрын ешқашан ауладан кетіп қалмағанын айтқан.

"Отбасы полицияда есепте жоқ. Учаскелік инспектор ата-анасымен профилактикалық әңгімелесу өткізді", - дейді Петропавл қаласы ПБ жергілікті полиция қызметі бөлімінің бастығы Рүстем Садулов.  

Жаңалықтар
0