Өңірлер

Балқашта із-түзсіз жоғалған қыздың қайда жүргені анықталды  

© PhotoДевушка сидит на подоконнике, иллюстративное фото
Девушка сидит на подоконнике, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жасөспірім 2002 жылы туған досының пәтерінде болған. Қыздың анасына хабарлау үшін ақпарат іздеу жариялаған полиция бөліміне жеткізілді

НҰР-СҰЛТАН, 30 қаңтар – Sputnik. Балқаш қаласында үйінен қашып кеткен кәмелетке толмаған қыз Алматы қаласынан табылды, деп хабарлады Polisia.kz.  

Балқаш қалалық полиция бөліміне жергілікті тұрғын хабарласып, кәмелетке толмаған қызы із-түссіз жоғалып кеткенін айтқан.

Полиция жасөспірім қыздың Алматы қаласында екендігін анықтады.

"Іздестіру шаралары барысында біздің бөлімнің ювеналды полициясының қызметкерлері оның Жароков көшесінде жүргенін анықтады. Жасөспірім 2002 жылы туған досының пәтерінде болған", – деді Бостандық аудандық полиция басқармасының бастығы Думан Аухадиев.

Оқи отырыңыз: Шымкентте жаңа жыл қарсаңында жоғалған әуежай қызметкері табылды 

Қыздың анасына хабарлау үшін ақпарат бірден іздеу жариялаған бөлімге жеткізілді.

Қыз заңды өкілі келгенше кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығында болады. 

Жаңалықтар
0