НҰР-СҰЛТАН, 8 ақпан — Sputnik. Батыс Қазақстан облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің карантиндік шектеу шаралары туралы жаңа қаулысы жарияланды.
Құжатқа сәйкес, 8 ақпаннан бастап театр, мәдени нысандардың жұмысына (жеке, топтық дайындық кезінде бір мезгілде адам саны 30-дан аспауы керек, залдар 20%-ке ғана толық болуы тиіс) рұқсат етіледі;
Өңір тұрғындары бетперде режимін, шахмат тәртібі бойынша отырғызуды және әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, залды тек 20%-тен аспайтын толтыру тәртібін сақтайтын кинотеатрларға бара алады.
Фудкорттар тек жеткізу арқылы жұмыс жасайтын болады.
Ал сауналар, ЅРА-орталықтар, бассейндердің толтырылуы 50%-тен аспауы тиіс. Сондай-ақ, бұл нысандар жексенбі күні жұмыс істемейді.
Азық-түлік сататын және азық-түлік емес тауарлар сататын ашық базарлар сағат 09.00-ден 17.00-ге дейінгі жұмыс кестесін сақтауы керек. Ал дәл осы сауда-саттық нысанындағы жабық базарлардың жексенбі күні сауда жасауына тыйым салынды.
Сауда үйлері мен орталықтарының толтырылуы 30%-тен аспауы тиіс, олар жексенбі күні демалады. Бұл күні осы нысандарда орналасқан азық-түлік супермаркеттері мен дәріханалар, сұлулық салондары, химиялық тазалау, гүлдер дүкендері, фотосалондар, кинотеатрлар, банктер (банкоматтар) жұмыс жасай береді.
Діни нысандарға бір келушіге кемінде 5 шаршы метр есебімен және нысанның толтырылуын 30%-тен асырмай жұмыс істеуге рұқсат етілді. Жұма намазы, діни дәстүрлер секілді бұқаралық ұжымдық іс-шараларды өткізуге тыйым салынды.
Сондай-ақ, жаңа қаулыға сәйкес, жексенбі күні қоғамдық көлік қатынасы қайта іске қосылатын болды.
Қаулының толық мәтінімен мына сілтеме арқылы танысуға болады.