Әлем

АҚШ доллар үшін алаңдай бастады

© Sputnik / Наталья Селиверстова / Медиабанкке өтуТабло курса валют со знаком доллара
Табло курса валют со знаком доллара - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.02.2021
Жазылу
Жақында ғана жарияланған шолуда АҚШ конгресінің зерттеу қызметі долларға тәуелділікті әлсірету үшін әлемнің барлық қажетті құралы бар екенін мәлімдеді

Вашингтон санкцияларға көп жүгінуінің салдарынан өз валютасын басымдық рөлінен айыра жаздады. Конгресс осы мәселеге мойын бұрды. Әлем долларға тәуелділіктен қарқынды түрде арылуға тырысып жатыр. Балама ақшалай бірліктермен есеп айырысуға ауысу Америка экономикасына қаншалықты кері әсер ететіні туралы РИА Новости материалында.

АҚШ әлемді санкциялардың шырмауында қалдырды десек те болар. Қазір басқа елдерге қатысты шамамен сегіз мың экономикалық шектеу қолданыста тұр және бұл тізімді толықтыру тоқтар емес. Доллар әлемдік экономиканың басты валютасы болғандықтан, Вашингтон кім көрінгенге талап қоя алады.

Аскорбиновая кислота - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.07.2020
Өңірлер
Қазақстаннан көшіп кеткен кәсіпкер туған ауылына 30 мың доллардың дәрісін жіберді

Операциялардың 70% -тен астамы Америка валютасында орындалады. Доллар еркін айналымда сатлып, конвертацияланады. Үкімет мұны ешқандай жолмен реттемейді. Оның үстіне, Америка Құрама Штаттарының экономикасы әлі де әлемдегі тұрақты, ашық және ең ірі экономика болып саналады.
Бұл Ақ үйге жеке адамдарға және америкалық компанияларға Вашингтон үшін жарамсыз болып табылатындармен тікелей бизнес жүргізуге тыйым салуға және нарықтың басқа қатысушыларына аумақтан тыс санкциялармен қорқытуға мүмкіндік береді.

Алайда, үнемі осылай жалғаса беруі мүмкін емес. Жақында ғана жарияланған шолуда АҚШ конгресінің зерттеу қызметі долларға тәуелділікті әлсірету үшін әлемнің барлық қажетті құралы бар екенін мәлімдеді.

Жарияланған құжатта санкциялар Американың өзі үшін экономикалық шығындарға айналып жатқаны айтылған. Себебі, олар америкалық жеке және заңды тұлғалар қатысуы ықтимал коммерциялық келісімшарттарға шектеу қойып отыр.

Шолу авторлары атап өткендей, америкалық валюта көптеген онжылдықтар бойы халықаралық экономикалық транзакцияларда кеңінен қолданылып келеді. Бұл, әрине, АҚШ үшін тиімді. Оның үстіне, Ақ үй сыртқы саяси мақсаттарға қол жеткізуде долларға жиі сүйеніп келеді. Атап айтқанда, Ресейге, Иранға және Венесуэлаға қаржылық нарыққа шығуды қиындатудың құралы ретінде қолдануда.
Зерттеу орталығы әзірлеген құжатта осы елдердің баламалы валютада есеп айырысуға көшуі Америка экономикасына кері әсерін тигізеді және доллардың мәртебесіне нұқсан келтіретіні туралы мәселе көтерілген. Шындығында, бұл қазірдің өзінде болып жатқан жағдай.

Соңғы жылдары юань жүйелі түрде долларды "шайқалтып" келеді. 2016 жылдан бастап қытай валютасы халықаралық валюта қорының резервтік валютасы болып табылады. Дамушы ел мұндай құрметке бірінші рет ие болып отыр. Содан кейін Бейжің " Бір белдеу – бір жол" ауқымды ықпалдастық бағдарламасы аясында Шанхай биржасында юаньмен белгіленген мұнай фьючерстерінің саудасын іске қосты.

Логотип Единого накопительного пенсионного фонда  - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.04.2020
Экономика
Доллардың құбылуы зейнетақы жинақтарына қалай әсер етті – қор басшысы жауап берді

Дегенмен де, әлемдік транзакциялардағы юаньның үлесі әлі де аз. Оны кеңейтуге мемлекеттік және жеке берешектердегі еркін конвертацияныңжоқтығы, тұрақсыздық, көлеңкелі қаржы жүйесі кедергі келтіріп отыр.

Бірақ, цифрлық юань пайда болды. Экономистердің көпшілігі мемлекеттік криптовалюта доллармен бәсекелесуге қабілетті екенін айтуда. Өйткені, бұл ескірген SWIFT және CHIPS төлем жүйелерінен гөрі транзакцияларды тезірек жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Крипто-юань "Бір белдеу - бір жол" жобасында да кәдеге жарайды. Себебі, цифрлық валютадағы өзара есеп айырысулар Вашингтонның санкцияларынан қорғайды.

Ресейге қатысты сөз қозғайтын болсақ, 2019 жылы БРИКС елдерімен долларлық транзакциялар 73% -тен 49% -ке дейін төмендеді. Бұл ең алдымен еуроның арқасында (23%) мүмкін болды. Рубльдің үлесі де айтарлықтай артты: сегізден 14% -ке дейін. Сонымен қатар, БРИКС бойынша Мәскеудің сауда серіктесі ретінде Қытайдан кейінгі екінші орында тұрған Үндістанмен арадағы бұл көрсеткіш 50% -тен асты.

Қытаймен арадағы ұлттық ақшалай бірліктердегі есеп айырысулар - 25% болып, жеті жыл ішінде он есе өсті. Бұл ресейлік экономиканы долларсыздандыру және санкцияларға төзімділікті арттыру стратегиясының бір бөлігі.

Мәскеу мен Бейжің долларды жоспарға сәйкес екіжақты саудадан алып тастауда. 2014 жылы тараптар 150 миллиард юаньға (24,5 миллиард доллар) үш жылдық свопкелісіміне қол қойды. Бұл ұлттық валютаны ашық нарықта сатып алудың қажеттілігінсіз-ақ оны өзара қолжетімді етті. 2015 жылы барлық мәмілелер доллар арқылы орындалса, 2019 жылы мұндай құжаттардың тек жартысы ғана долларға тәуелді болып тұр.

Еуроаймақтағы жағдай ла осыған ұқсас: 2019 жылы еуро алғаш рет доллардан асып түсті. Бұл аймақтан тыс америкалық санкцияларға қарсы тұрған жалпыәлемдік қарқын мен Еуроодақтың еңбегі болып табылады.

Здание Национального банка Казахстана - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.01.2021
Экономика
Ұлттық қор активтері бір жылда 3,1 миллиард долларға төмендеді – Досаев

2019 жылы Франция, Германия және Ұлыбритания INSTEX құралын құрды. Бұл "Еуропа экономикасына қатысушылар мен Иран арасындағы заңды коммерциялық операцияларды жеңілдетуге" бағытталған арнайы механизм. Кейінірек оған Бельгия, Дания, Нидерланды, Норвегия, Финляндия және Швеция қосылды.

Іс жүзінде, бұл механизм Еуропа елдеріне АҚШ-тың қаржы жүйесін айналып өтіп, Вашингтонның қарсы әрекет етуіне себеп тудырмай, Тегеранмен сауда жасауға мүмкіндік береді. Иран мен Еуропа арасындағы нақты ақша айналымын болдырмау үшін INSTEX несиелік балдарды пайдаланды.

Долларға тәуелділікті төмендету үшін еурокомиссия алдын-ала жоспар дайындады. Әр түрлі тауарларды жеткізуге еуроны ұсыну, сондай-ақ негізгі қаржылық бейімделулермен байланысты нормаларды қайта қарау және қажет болған жағдайда өзгерту ұсынылады деп болжануда. Сонымен қатар, реттеушілерге шетелдік фирмалардың еуропалық компанияларды иемденуіне тыйым салу құқығы беріледі.

Сұранысы мен танымалдылығы жағынан екінші орында тұрған доллар долларды ығыстыруды жалғастырып жатыр.

Жаңалықтар
0