Өңірлер

Қазақстаннан көшіп кеткен кәсіпкер туған ауылына 30 мың доллардың дәрісін жіберді

© Photo : проектный офис Ertis – adaldyq alańyАскорбиновая кислота
Аскорбиновая кислота - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мәскеу тұрғыны 30 мың долларға дәрі-дәрмек сатып алып, Баянауыл аудандық ауруханасына жіберген. Эпидемия кезінде жерлестеріне көмектескісі келген демеуші атын атамауды жөн көрді

ПАВЛОДАР, 20 шілде – Sputnik. Қазір Мәскеуде тұратын кәсіпкер өзінің туып-өскен ауылындағы Баянауыл орталық аудандық ауруханасына 30 мың долларға дәрі-дәрмек пен оттегі концентраторларын сатып алды, деп хабарлады Ertis – adaldyq alańy жобалық кеңсесі.    

Павлодар облысындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пен Ertis – adaldyq alańy жобалық кеңсесі көмекті қабылдап, дәрі-дәрмектерді Баянауыл орталық аудандық ауруханасына табыстауға қатысты, бұл дәрілерді әлдекімдер сатып жібермеу үшін әр бумаға "Тегін" деген мөр қойылған.

© Photo : проектный офис Ertis – adaldyq alańyМәскеуден Баянауылға жіберілген гуманитарлық көмек
Қазақстаннан көшіп кеткен кәсіпкер туған ауылына 30 мың доллардың дәрісін жіберді - Sputnik Қазақстан
Мәскеуден Баянауылға жіберілген гуманитарлық көмек

"Бүгін туған елге деген алғыстың жарқын үлгісін көріп отырмыз. Баянауылдың тумасы өзінің туған жерін ұмытпай, өмір үшін маңызды дәрі-дәрмектерді жеткізіп, ауданға тағы бір рет көмектесті", - деді Ertis – adaldyq alańy жобалық кеңсесінің басшысы Ризабек Исабеков.

Аудан орталығына "Цефтриаксон", "Ингавирин", "Левофлоксацин", "Клексан", С дәрумені, парацетамол сияқты дәрі-дәрмектер мен басқа да заттар тиелген жүк көлігі келді. Сонымен қатар, аты-жөнін атағысы келмеген меценат сегіз оттегі концентраторын, сондай-ақ ересектер мен балаларға арналған пульсоксиметрлер және жеті жылу контейнерін тапсырды.

© Photo : проектный офис Ertis – adaldyq alańy"Цефтриаксон" антибиотигі
Қазақстаннан көшіп кеткен кәсіпкер туған ауылына 30 мың доллардың дәрісін жіберді - Sputnik Қазақстан
"Цефтриаксон" антибиотигі

Демеушінің жалғыз талабы дәрі-дәрмектердің мақсатына сай ашық түрде қолданылуын қамтамасыз ету болды.   

Сонымен қатар, демеуші өңір дәрігерлері үшін мәскеулік профессормен консультация ұйымдастырды, ол аудан тұрғындарына медициналық көмек көрсету бойынша ұсынымдарын бөлісті.

"Біз емдеу тактикасын жасадық, біздің хаттамамыздың аясында ұсынымдар берді. Аптасына екі рет профессорға хабарласып тұрдық, ол бізге дәрі-дәрмектерге қатысты кеңес берді. Жерлесімізге көмектескені үшін көп рахмет!" - дейді аудандық аурухананың бас дәрігері Сержан Арынов.

Жаңалықтар
0