Әлем

"Армата" танкі қайда бағыт алды

© Sputnik / Александр Вильф / Медиабанкке өтуТанки Т-14 "Армата"
Танки Т-14 Армата  - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.02.2021
Жазылу
Т-14 "Армата" танкісінің сынақтары аяқталды. Жақында ол жоғары технологиялық қару-жарақтың әлемдік нарығын жаулауға кіріседі

Соғыстан кейінгі үшінші буынның Т-14 "Армата" 21-25 әлемдегі жалғыз танкісін ақпан аралығында Әбу-Дабидегі IDEX-2021 Халықаралық қорғаныс өнеркәсібінің көрмесінде қоғам назарына ұсынады. Бұл ұзаққа созылған мемлекеттік сынақтардың сәтті аяқталғанын, кемшіліктердің жойылғанын, "Орал вагон зауыты" концерні сериялық жаппай өндіріске дайын екенін білдіреді.

Бұған дейін "Ресей қорғаныс экспорты" бас директоры Александр Михеев Т-14 жеткізу бойынша "Армата" танкі қарсыластармен тікелей байланыста, алдыңғы шепте ұрыс жүргізуге арналған және ол жаяу әскерлермен бірлесіп эшелонды қорғанысты бұзып өтуге қабілетті.

Танк Т-14 - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.07.2020
Экспортқа шыққан "Армата" кімге бұйырады?

Әр түрлі қарқындағы әскери қақтығыстарда Т-14 мотоатқыш қосалқы бөлімшелерінің шабуылына тиімді қолдау көрсетіп, қарсыластың әскери техникасы және жеке құрамын ашық жерлерде және қорғаныстарда жойып жібере алады. Сирия жеріндегі және Арктикадағы ұрыс жағдайында танк өз тиімділігін дәлелдей алды. Бұған дейін ресейлік Т-14 ең дамыған 12 мемлекеттік броньді техникасының ішіндегі әлемдегі ең үздік танкі деп танылды.

Ресей Федерациясының қорғаныс министрлігі жыл сайын 200-ге жуық "Армата" танкісін сатып алуды жоспарлап отыр. Жеткізілімдер 2021 жылы басталады. Жалпы қажеттілік 2300 көлік құралы көлемінде белгіленіп отыр. Ресейдің қарулы күштері бүгінде әлемдегі ең үлкен танк паркіне ие. Оның құрамында 13 мың машина бар. Бұл Пентагондыкінен 7 мыңға жуық артық танк. Алайда, Ресейдің құрлықтағы күштермен қорғалатын аумағы АҚШ-тың аумағынан шамамен екі есе артық. Оның үстіне, Ресейдің танк жасау тәжірибесі тек сандық көрсеткіштер бойынша ғана ерекшеленіп тұрған жоқ.

© Sputnik / Михаил Воскресенский / Медиабанкке өтуЖыл сайын 200-ге жуық "Армата" танкісін сатып алуды жоспарлап отыр
Армата танкі қайда бағыт алды - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.02.2021
Жыл сайын 200-ге жуық "Армата" танкісін сатып алуды жоспарлап отыр

"Армата" - бұл аз технологиялық, әлдеқайда тиімдірек, заманауи жабдықтар мен қымбат машиналар өндірісі тұжырымдамасының іске асуы. Бір Т-14 танкісінің бағасы шамамен 7 миллион долларды құрайды және әр елдің қорғаныс бюджеті қолжетімді бола бермейді. Мұндай баға бірнеше кезеңнен тұратын сынақтар мен модернизация ауқымдылығымен қалыптасып отыр. Қару-жарақтың заманауи үлгілерін әзірлеу үлкен шығынды қажет ететіндіктен, көптеген мемлекеттер шет елдердің қару-жарақ ұсыныстарын қабыл алады. Өйткені, бұл жағдайда ілеспе шығындар болмайды.

Қазірдің өзінде-ақ Мәскеуге Т-14 танкісін сатып алуға алдын ала өтінімдер түскен. Экспорттық жеткізілімдер Ресей әскерінің танк бөлімшелерін қайта қаруландыру басталғаннан кейін іске асырылады.

Forbes (АҚШ) басылымы Т-14 танкісін сатып алатын ықтимал мемлекет ретінде Үндістанды, Қытайды, Біріккен Араб Әмірліктерін, Египетті және Алжирді. Сонымен қатар, ТМД мен ҰҚШҰ-ның жекелеген елдері әскери-техникалық ынтымақтастық (Әзірбайжан, Беларусь, Қазақстан, Өзбекстан) шеңберінде елеулі әскери бюджетке немесе артықшылықтарға ие. Сондықтан, Ресейдің заманауи және қымбат әскери техникаларын сатып алуға қабілетті.

"Армата" капсуласы әскери жинақтың өртенуі немесе танкі мұнарасына оқ тиген жағдайда да танкисттің аман қалуына мүмкіндік береді. Дәл осы авторлық идеяны қашықтықтан басқарылатын және жасанды интеллект элементтері бар танкіні модернизациялау кезінде де қолдану жалғасып жатыр. Құрастырушылар Т1-14 танкісін тактикалық буын қарулары мен әскерді автоматтандырылған басқару жүйесіне ықпалдастыруды қарастырды. Машинаның роботтандыру және модернизациялау бағытындағы мүмкіндіктері шексіз.

Танктің тікелей бәсекелестері немесе ұқсас баламалары жоқ. "Армата" - бұл мұнарасында адам отырмайтын, экипажға арналған броньдалған капсуласы бар әлемдегі жалғыз модульдік шешім. Т-14 құрамына кіретін озық технологиялық шешімдер ХХІ ғасырда өзектілігін жоғалтпайды. Шетелдік тұтынушыларға қару-жарақ сату бойынша әлемде екінші орын (жыл сайын құны шамамен 15 миллиард доллар) - бұл Ресей Федерациясында шығарылған ең соңғы қарудың сапасы мен сенімділігінің қосымша кепілі.

БМП Т-15 Армата, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.06.2020
Т-15 "Армата" жауынгерлік машинасының басты артықшылығы неде?

Т-14 танкісінде қолданылған технологиялық шешімдер кем дегенде ХХІ ғасырдың соңына дейін өзектілігін жоғалтпақ емес. Сонымен қатар, шетелдік тапсырыс берушілерге сату көлемі бойынша екінші орындау тұруы да Ресей қару-жарағына қатысты сапа мен сенімділіктің кепілі болып табылады.

"Арматаның" арнайы жабындымен үйлесімділігі бар новаторлық пішіні танкінің жылу және радиолокациялық радарларда көзге түсу деңгейін төмендетеді. Оның броні танкіге қарсы шабуылдаушы кез-келген құралдың оқ-қаруына төтеп беруге қабілетті. Машина белсенді және динамикалық қорғаныспен қамтылған, қашықтықтан басқарылатын әскери модульмен жабдықталған және оның автоматты түрде қайта қуаттау жүйесі бар.

Кең өрісті камералар 360 градус аймақты толық шолуға мүмкіндік береді. Т-14 танкісінің эшелонды қорғанысы "Малахит" пассивті қорғанысын, "Афганит" активті белсенді қорғаныс кешенін қамтиды. "Афганит" радары "танк интеллектін" қауіп туралы ескертеді де, радиоэлектронды басу жүйесі қарсыластың зымырандарын істен шығарады. Сондай-ақ, "Реликт" модульдік кешені де бар. Мамандар "Армата" басқа танкілерден тиімділігі мен төзімділігі жағынан 30 процентке көш ілгері деп санайды.

Танкі корпусындағы броньдалған капсуладағы үш адамнани тұратын экипаж 2А82 зеңбірегін қашықтықтан басқарады. "Армата" оптикасы күндіз 5 километрге, түнде 3,5 километрге дейінгі қашықтықта нысандарды анықтауға мүмкіндік береді.

Жаңалықтар
0