НҰР-СҰЛТАН, 5 ақпан – Sputnik. Жамбыл облысындағы қауіпсіздігі жоғары ЖД-158/4 колониясының қызметкерлері тыйым салынған пакетпен дронды тауып, тәркіледі. Бұл туралы қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
Колония аумағындағы ашық кеңістікте ұшып жүрген дронды байқаған күзетшілер, бірден тиісті органдарға хабар берген. Оқиға орнына шұғыл жеткен полицейлер ұшу аппаратына пластикалық бөтелке бекітілгенінін анықтады. Сондай-ақ, оралған пакет ішінен жұмыс істеп тұрған екі смартфон тәркіленген. Қазіргі кезде қызметтік тексеріс жүргізілуде.
Оқи отырыңыз: Көзбен басқарылатын дрон сынақтан өткізілді
Комитет өкілдері тұтқындалғандарға заттарды заңсы беру әрекеті Әкімшілік кодекстің 481-бабы бойынша жазалауға әкеп соқтыратынын ескертеді. Аталған бап 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуды (шамамен 29 170 теңге) қарастырады. Ал егер мұндай құқықбұзушылық қайталанған жағдайда айыптылар 30 тәулікке дейін қамауға алынады.