"Кавказда және басқа да жерлерде, қала ішінде пайдасы зор болмақ, өйткені әскери қызметкердің қолында үнемі қару болып, қақтығысқа дайын тұрады. Әрі маңайды бақылап, ғимараттың ішін алыстан көріп, бәрін қадағалай алады. Басқару онша қиын емес. Бастысы – үйреніп кету керек, ал бұған көп уақыт кетпейді. Үнемі жаттығу жасаса, жоғары деңгейде меңгеруге болады деп санаймын", — дейді арнайы жасақ жауынгері Андрей.
Құрылғыны пайдаланған кезде, дронның камерасынан түсірілген бейненің орнына шлемнің алдыңғы камерасын ауыстырып қосуға болады. Соның арқасында адам айналасында не болып жатқанын бақылай алады.