Өңірлер

Павлодар облысы "қызыл" аймақта тұр: карантинге қатысты шешім қабылданды

© AP Photo / Aaron FavilaҚорғаныш костюмін киген дәрігерлер
Қорғаныш костюмін киген дәрігерлер - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.02.2021
Жазылу
Облыс коронавирус инфекциясымен ауырған науқастар саны жағынан көш бастап тұр, өткен тәулікте індетке шалдыққан 225 науқас тіркелген

НҰР-СҰЛТАН, 5 ақпан – Sputnik. Павлодар облысында карантиндік шектеулер бір аптаға, 15 ақпанға дейін ұзартылды. Бұл туралы өңірдің санитарлық ведомствосы хабарлады.

Облыс "қызыл" аймақта тұрғандықтан, осындай шешім қабылданған.

Соңғы уақытта өңірде науқастардың тәуліктік өсімі аздап төмендегені байқалды, алайда мамандар эпидемиологиялық жағдай тұрақты, бірақ күрделі деп отыр.

Мәселен, 22-28 қаңтар аралығында өңірде 1 596 адам коронавирус жұқтырған.

2021 жылдың 5 ақпанындағы жағдай бойынша облыста бір тәулікте індетке шалдыққан 225 адам тіркелді.

Бас санитар дәрігердің қаулысына сәйкес, демалыс күндерінде локдаун, сондай-ақ, шектеу шараларының орындалуын ерекше бақылау сақталады.

Тағы оқыңыз: Шымкентте карантин ұзартылды

Сонымен қатар, облысаралық, облысішілік, қалааралық ауданаралық автобус, шағын автобус жолаушылар тасымалына сол күйі тыйым салынады. Барлық сауда орны, қоғамдық көлік, такси, өнеркәсіп аймақтары, кіреберістер, лифт кабиналары мен ұйымдарда санитарлық және дезинфекциялық өңдеу жұмыстарын жүргізу күшейтіледі.

65 жастан асқан адамдардың жүріп-тұруы шектеледі, сондай-ақ, үй карантинін сақтау және үйде медициналық бақылау жүргізуді қадағалау күшейтіледі. Бұдан бөлек, учаскелік қызметтер отбасылық, ұжымдық шаралар өткізгендерді анықтау жұмысын жалғастырады.

Жаңа қаулы 2021 жылдың 8 ақпаны сағат 00.00-де күшіне енеді, делінген облыстық санитарлық ведомствоның баспасөз хабарламасында.

Жаңалықтар
0