Өңірлер

Шымкентте карантин ұзартылды

© AP Photo / Andy WongАдам маска ұстап тұр, архивтегі сурет
Адам маска ұстап тұр, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.02.2021
Жазылу
Бұқаралық және отбасылық шараларды өткізуге сол күйі тыйым салынып отыр, санитарлық дәрігерлер бетперде режимін сақтауға шақырды

НҰР-СҰЛТАН, 4 ақпан – Sputnik. Шымкенттің бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысымен қала аумағында карантин және шектеу шаралары 22 ақпанға дейін ұзартылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Карантин 2021 жылдың 8 ақпаны сағат 00.00-ден 2021 жылдың 22 ақпаны 00.00-ге дейін ұзартылсын", - делінген құжатта.

Қаулыға сәйкес Шымкент тұрғындары мен қонақтарына:

  • бұқаралық шаралар (еске салу, туған күн, мерейтой, құдалық, той және тағы басқа) өткізуге тыйым салынады;
  • 65 жастан асқан адамдардың қалада жүріп-тұруы шектеледі;
  • қалада жүргенде бетперде тағу қажет;
  • кем дегенде екі метр ара қашықтық сақталуы тиіс;
  • үш адамнан аспайтын топтармен немесе бір отбасы мүшелерімен саябақ, аула, алаң, сквер мен жағалауда серуендеуге рұқсат етіледі;
  • қоғамдық орындарда маска тағу және қолды антисептикпен өңдеу талаптарын қатаң сақтаған жөн.

Цирк, ойын-сауық мекемелері, букмекерлік кеңселер, ойын клубтары сол күйі жабық болады.

Тағы оқыңыз: Қостанай облысының бас санитар дәрігері карантинге қатысты жаңа қаулы шығарды

Қоғамдық көліктің қозғалысы 07.00-ден 21.00-ге дейін шектелген.

Қаулының толық мәтінімен мына сілтеме арқылы танысуға болады.

4 ақпандағы жағдай бойынша Шымкент коронавирустың таралуы бойынша "жасыл" аймақта тұр.

Жаңалықтар
0