Фотоаппарат - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.02.2022
Фото
Әлем және Қазақстан жаңалықтары - суреттер сөйлейді

Алматыдағы Ұлы Жібек жолы көрмесі: ерекше артефактар фотосы

Жазылу
Оңтүстік астанадағы "Апорт молл" сауда орталығында өңірдің тарихына арналған "Ұлы Жібек жолы. Шелектен Талғарға дейін" атты көрме ашылды

Көрме экспозициясына орта ғасырдағы қалалар мен елді мекендерден табылған елуге тарта ерекше бұйымдар қойылған. Көрме кереметін фотосуреттер топтамасынан тамашалаңыз!

"Есік" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі ұйымдастырған көрме Ұлы Жібек жолының қалыптасу тарихы мен оның қазіргі Алматы облысының аумағында ортағасырлық қалалардың пайда болуына ықпал еткен Жетісу бөлігінде өркендеуі туралы сыр шертеді.

Бұл аймақта Қастек, Еңбекші, Талғар, Шелек, Қаялық сынды қалалардың қираған үйінділері табылған. Осы қалалар бірнеше ғасыр бойы ғылым мен саясаттың, қолөнер мен сауданың және мәдениеттің орталығы болып келген. Дамыған қалаларда сол кездегі озық өнертабыстар қолданылып, адамдардың қолайлы өмірі үшін жағдай жасалған.

Көрме экспозициясында ортағасырлық қалалар мен қоныстардың 50-ге тарта айрықша олжалары көрермен назарына ұсынылған: саздан, қоладан және темірден жасалған ыдыстар, қола және мыс зергерлік бұйымдары және киімге арналған түрлі жапсырмалар, жебе ұштары, шамдар, музыкалық аспаптар. Талғардағы тиындардың қазынасы ерекше орынға ие. Бұл экспонаттар VIII-XIII ғасырлар кезеңіне жатады.

"Өткен дәуірдің артефактарына көз сала отырып, біз осы аймақта көп ғасырлар бұрын тіршілік еткен адамдардың өмірін көз алдымызға елестете аламыз. Көрме қонақтары тамақ әзірленген ыдыстар мен ошақтарды, суға арналған ыдысты және тағы басқа дүниелерді тамашалай алады. Біздің елді мекенде сирек кездесетін тиындар да айрықша экспонаттарға жатады. Құс түріндегі музыкалық аспап археологтар үшін аса құнды олжа", – деді "Апорт молл" сауда орталығының арт-директоры Светлана Киляоглова.

Туған өлкенің тарихы және Жетісудағы бірнеше ғасыр бұрынғы адамдардың өмірімен ақпан айының соңына дейін танысуға болады. Көрме Өнер аллеясындағы "Апорт моллдың" жаңа ғимаратында орналасқан.

"Есік" қорық-музейі жайлы

"Есік" мемлекеттік қорық-музейі Алматы қаласының маңында 422,7 гектар жерде орналасқан. Ол Ұлы Жібек жолы магистральдарының бірінде орналасқан. Онда ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра тізіміне енген Есік қорымының 80 қорғаны, Рахат, Өрікті және Талғар сияқты ескі қалалардың ежелгі сақ қоныстары бар.

Оқи отырыңыз: Нұр-Сұлтанда қысқы мезгілдің қызығы қандай – фото

Қорық-музейдің қорында үш мыңға жуық экспонат бар. Олардың басым бөлігі Қазақстанның жетекші музейлерінде сақталатын бұйымдар.

© Sputnik / Тимур БатыршинҚазіргі заманғы қазандардың баламасы. Бұл қазан ас дайындау үшін қолданылған
Қазіргі заманғы қазандардың баламасы. Бұл қазан ас дайындау үшін қолданылған - Sputnik Қазақстан
1/12
Қазіргі заманғы қазандардың баламасы. Бұл қазан ас дайындау үшін қолданылған
© Sputnik / Тимур БатыршинОрта ғасырда адамдар саздан, қоладан және темірден жасалған ыдыстарды пайдаланған
Орта ғасырда адамдар саздан, қоладан және темірден жасалған ыдыстарды пайдаланған - Sputnik Қазақстан
2/12
Орта ғасырда адамдар саздан, қоладан және темірден жасалған ыдыстарды пайдаланған
© Sputnik / Тимур БатыршинКөрме экспозициясына ортағасырлық қалалар мен қоныстардың 50 айрықша бұйымы қойылған
Көрме экспозициясына ортағасырлық қалалар мен қоныстардың 50 айрықша бұйымы қойылған - Sputnik Қазақстан
3/12
Көрме экспозициясына ортағасырлық қалалар мен қоныстардың 50 айрықша бұйымы қойылған
© Sputnik / Тимур БатыршинБарлық экспонаттар VIII-XIII ғасырлар кезеңіне жатады
Барлық экспонаттар VIII-XIII ғасырлар кезеңіне жатады - Sputnik Қазақстан
4/12
Барлық экспонаттар VIII-XIII ғасырлар кезеңіне жатады
© Sputnik / Тимур БатыршинКөрме Ұлы Жібек жолының қалыптасу тарихы мен оның Жетісу бөлігінде өркендеуі туралы сыр шертеді
Көрме Ұлы Жібек жолының қалыптасу тарихы мен оның Жетісу бөлігінде өркендеуі туралы сыр шертеді - Sputnik Қазақстан
5/12
Көрме Ұлы Жібек жолының қалыптасу тарихы мен оның Жетісу бөлігінде өркендеуі туралы сыр шертеді
© Sputnik / Тимур Батыршин Batyrshin TimurСурет бейнеленген керамикалық пиала
Сурет бейнеленген керамикалық пиала - Sputnik Қазақстан
6/12
Сурет бейнеленген керамикалық пиала
© Sputnik / Тимур Батыршин Batyrshin TimurКерамикалық шам мен құмыра
Керамикалық шам мен құмыра - Sputnik Қазақстан
7/12
Керамикалық шам мен құмыра
© Sputnik / Тимур БатыршинҚазіргі Алматы облысының аумағында тіршілік еткен адамдар су құбыры үшін саз құбырларды қолданған
Қазіргі Алматы облысының аумағында тіршілік еткен адамдар су құбыры үшін саз құбырларды қолданған - Sputnik Қазақстан
8/12
Қазіргі Алматы облысының аумағында тіршілік еткен адамдар су құбыры үшін саз құбырларды қолданған
© Sputnik / Тимур БатыршинТалғардан табылған тиындардың қазынасы ерекше орын алады
Талғардан табылған тиындардың қазынасы ерекше орын алады - Sputnik Қазақстан
9/12
Талғардан табылған тиындардың қазынасы ерекше орын алады
© Sputnik / Тимур БатыршинСуға арналған ыдыс
Суға арналған ыдыс - Sputnik Қазақстан
10/12
Суға арналған ыдыс
© Sputnik / Тимур БатыршинТамақ әзірлеу үшін қолданылған ошақ. Оның ортасына от қойылған
Тамақ әзірлеу үшін қолданылған ошақ. Оның ортасына от қойылған - Sputnik Қазақстан
11/12
Тамақ әзірлеу үшін қолданылған ошақ. Оның ортасына от қойылған
© Sputnik / Тимур БатыршинТуған өлкенің тарихы және Жетісудағы бірнеше ғасыр бұрынғы адамдардың өмірімен ақпан айының соңына дейін танысуға болады
Туған өлкенің тарихы және Жетісудағы бірнеше ғасыр бұрынғы адамдардың өмірімен ақпан айының соңына дейін танысуға болады - Sputnik Қазақстан
12/12
Туған өлкенің тарихы және Жетісудағы бірнеше ғасыр бұрынғы адамдардың өмірімен ақпан айының соңына дейін танысуға болады
Жаңалықтар
0