Қазақстанның бас қаласында Винтерфелл қамалы мен қанатын жайған айдаһар және Түн патшасы пайда болды.
Sputnik Қазақстан фототілшісі Нұр-Сұлтандағы сырғанақ тебетін орындарда болып қайтты.
Ұл балалар хоккей ойнаса, кішкентай балалар коньки тебуді үйренуде. Сондай-ақ, ересектер мен балалар тюбинг немесе сноубордпен биіктіктен сырғанап, енді бірі жағалау маңы мен саябақта серуендеп жүр.
Оқи отырыңыз: Шығыс халқы жаңа жылға қалай дайындалып жатыр – фото
Қыс қалашығымен әсемделген Нұр-Сұлтан қысының шынайы бейнесін суреттер топтамасынан тамашалаңыз.

1/18
© Sputnik / Абзал Калиев
"Тақтар ойыны" телехикаясындағы Түн патшасы Нұр-Сұлтандағы Есіл жағалауына жайғасты. Елорданың шыңылтыр аязына дәл осы кейіпкер кінәлі деген қалжың ақиқатқа айналғандай.

2/18
© Sputnik / Абзал Калиев
Дракон у катка, оформленного в виде замка в стиле "Игры престолов" в Триатлон парке

3/18
© Sputnik / Абзал Калиев
Триатлон паркіндегі "Тақтар ойыны" телехикаясының стилінде әзірленген қамал алдында жұмыртқаны жарып шыққан кішкентай айдаһарлар орналасқан. Енді кез-келген елордалық өзін "Айдаһарлар анасы" сезіне алады.

4/18
© Sputnik / Абзал Калиев
Дәл осы паркте қамал ретінде бейнеленген сырғанақ тебу аумағын темір сауыт киген сарбаздар күзетіп тұр.

5/18
© Sputnik / Абзал Калиев
Триатлон паркіндегі "Тақтар ойыны" телехикаясының стилінде әзірленген қамалдың қабырғасы аспанмен тілдесіп жатқандай.

6/18
© Sputnik / Абзал Калиев
Нұр-Сұлтандағы Тәуелсіздік сарайының алдында балалар хоккей ойнап жүр.

7/18
© Sputnik / Абзал Калиев
Нұр-Сұлтандағы мұз боп қатқан Есіл өзенінде жеткіншек велосипед айдап жүр.

8/18
© Sputnik / Абзал Калиев
Нұр-Сұлтандағы қыс.

9/18
© Sputnik / Абзал Калиев
Триатлон паркінде дәл осы телетуындыдағыдай стильде әзірленген қамал алдында айдаһар тұр. Фэнтезиялық көріністі Нұр-Сұлтанмен байланысты эмблемалар бейнеленген жалаушалар толықтырып тұр.

10/18
© Sputnik / Абзал Калиев
Мұз қатқан Есілдің үстінде бананмен сырғанағандар.

11/18
© Sputnik / Абзал Калиев
Есіл өзенінде ер адам шаңғы теуіп жүр.

12/18
© Sputnik / Абзал Калиев
Қалалық әкімдік алдындағы қыс қалашығы.

13/18
© Sputnik / Абзал Калиев
Балақай қалалық әкімдік жанындағы мұзды төбешіктен сырғанап жатыр.

14/18
© Sputnik / Абзал Калиев
Нұр-Сұлтандағы ескек есу каналының жағалауындағы қысқы қалашық.

15/18
© Sputnik / Абзал Калиев
Биіктігі үш қабат болатын сырғанау төбесіне көтеріліп жатқан балалар.

16/18
© Sputnik / Абзал Калиев
Мұндай биіктіктен төмен қарай ылдилаған кезде тынысың тарылады.

17/18
© Sputnik / Абзал Калиев
Сырғанау орнындағы жабдықтарға арналған арнайы көтергіш.

18/18
© Sputnik / Абзал Калиев
ЭКСПО аумағында орналасқан қалашықтағы сырғанау орны.
