Өңірлер

Шымкенттіктер ереуілге шықты – видео  

© Photo : официальный сайт акимата ШымкентаШымкент, виды города
Шымкент, виды города - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.02.2021
Жазылу
Таңғы төрттен жұмысқа шығатын автобус жүргізушілері жалақыны 300 мың теңгеге көтеруді талап етті. Олардің көбісі сәрсенбі күні жұмысқа шықпай қойды

НҰР-СҰЛТАН, 4 ақпан – Sputnik. Шымкентте автобус жүргізушілері мен кондукторлар көшеге шығып, жалақыны көтеруді талап етті.  

"Shymkent BUS" компаниясы қалада 14 бағыт бойынша қызмет көрсетеді. Осы кәсіпорынның жұмысшылары құрғақ уәдеден шаршаған. Таңғы төрттен жолға шығатын автобус жүргізушілері жалақыны 300 мың теңгеге көтеруді талап етті. Ал кондукторлар жұмыс жоспарынан шаршаған, деп хабарлады Astana TV

"Сағатына 860 теңгеден төлейміз деген, енді есептеңіз. Бізге қазір 10-ақ сағатқа айлық төлеп жатыр.10-ақ сағат. Ар жағында бес сағатымыз қайда біздің? Ол есепке кірмейді. Ең көп дегенде 110 мың теңге жалақы алдым. Одан артық ақша алған жоқпын. Бәрі біздің мойнымызда, оған қоса көлікті жууға 1300 төлейміз, 700 теңге жанармайға береміз", - дейді автобус жүргізушісі Серік Назымбеков.

Жұмысшылардың айтуынша, бес минут ерте шығып кетсе, айыппұл салады, сөгіс жариялайды. "Жұмыстан кетесің!", - деп қорқытады. Ал электронды төлем жүйесі өзін-өзі ақтамай жатыр.

"Мысалы, валидация ұрған кезде карточка істемей қалса, халық тегін түсе берсін дейді. Қанша адам тегін түсіп кетеді. Біз солармен қырылысып алысып жүреміз. Кешке келеміз, мыналар жоспар дейді. Карточка ұрмаса, қайдан тауып береміз", - дейді кондуктор Балжан Түктібаева.   

Ал компания басшылығы жұмысшылардың адалдығына күмәнданып отыр.   

"Жалақыны бұл кісілер 100 пайыз әділ жұмыс істегенде ғана көтере аламыз. Дәл қазір бұлардың әділдігіне күмәнім бар. Біз бәрін тексеріп отырмыз. Бұлар билетті де толық таратпайды. Бір күнде 5-6 адам ғана мінуі мүмкін емес қой. Мәселен, мен № 96 бағытқа кондуктор есебінде шығып көрдім. Олардың жоспары 15-16 мың теңге. Шын мәнінде кешке дейін 37 мың теңге жиналды. Ақшаның көп бөлігі жүргізушінің қалтасында қалады", - дейді "Shymkent BUS" ЖШС директоры Азат Қайыпбеков.

Оқи отырыңыз: Ақтөбе облысынан кейін Маңғыстау мұнайшылары көтерілді – видео 

Жанжалдасқан топтың мәселесіне қала әкімі араласты. Тараптар келісімге келмесе, 100 автобусты басқа компанияларға таратып тастайтынын айтты. Ақыры автобус жүргізушілерінің жалақысы 200 мың теңгеге көтерілсе, кондукторларға ай сайын 100 мың теңге төленетін болыпты. Оған жұмысшылардың 90 пайызы келісті.

Жаңалықтар
0