Оқиға

Ақтөбе облысынан кейін Маңғыстау мұнайшылары көтерілді – видео

© Sputnik / Владимир Астапкович / Медиабанкке өтуРабочий на нефтебазе, архивное фото
Рабочий на нефтебазе, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.02.2021
Жазылу
Бұған дейін Ақтөбе облысындағы Темір ауданында жұмыс істеп жүрген мұнайшылар ереуілге шыққан болатын

НҰР-СҰЛТАН, 2 ақпан – Sputnik. Ақтөбе облысында "КМК Мұнай" мен "АМК Мұнайдың" жұмысшыларына жалақыны көтерді. Енді, Маңғыстау облысының мұнайшылары еңбекақыны көтеруді талап етіп отыр, деп хабарлайды "Диапазон".

Бұған дейін Ақтөбе облысындағы Темір ауданында жұмыс істеп жүрген мұнайшылар ереуілге шыққан болатын. 25 қаңтарда Көкжиде кен орнында "КМК Мұнайдың" 100-ге жуық жұмысшысы бас көтерсе, төрт күннен кейін Башенкөлде "АМК Мұнайдың" 62 мұнайшысы көшеге шықты. Барлығы жалақыны көтеруді талап етті. Себебі орташа жалақы 60-150 мың теңгеден аспайды. Мұнайшылар президентке бейнеүндеу де жариялады.

Облыстық еңбек инспекциясының басшысы Саламат Аманбаевтың айтуынша, "КМК Мұнайда" жұмысшылардың жалақысын 20 процентке көтеруге шешім қабылданды. Оған қоса, тарифтік разрядтарды көтереді. Осылайша, еңбек дауы шешіліп, мұнайшылар өз жұмысына кірісті.

"Ал "АМК Мұнай" компаниясында әрбір жұмысшының жалақысына 40 мың теңге қосып береді. Наурыз мейрамына қарай тағы жалақының 50 процентін сыйақы ретінде алады. Үш айдың ішінде жалақының көлемі қаралып, жаңа келісімшартта көрсетіледі", - дейді Аманбаев.   

Айта кетейік,"КМК Мұнай" АҚ ресми сайтында компанияның екі ірі акционері көрсетілген. Олар - "СНПС-Ақтөбемұнайгаз" АҚ және Yukon Energy Holding S.A. Компания президенті -  Wang Jinbao (Ван Цзиньбао). Ал "АМК Мұнай" компаниясы кәріс компаниясына қызмет көрсетеді.

Ақтөбе облысында мұнайшылар мәселесі шешілгеннен кейін Маңғыстаудың мұнайшылары көшеге шықты. Жаңаөзенде "МұнайСпецСнаб Компани" ЖШС жұмысшылары жалақыны көтеруді және жұмыс тәртібін реттеуді талап етіп отыр. 1 ақпанда акцияға ондаған адам жиналды. Олармен компанияның бас директоры Ерлан Сәбиев кездесті.

Жаңалықтар
0