Ресей "Спутник V" вакцинасын әзірлеу арқылы Батысты таңғалдырды, деп Sputnik радиосы Die Welt неміс газетіне сілтеме жасап.
Мақала авторы Жак Шустер КСРО ғарышқа алғашқы жасанды Жер серігін жөнелтіп, бүкіл әлемді өзіне қаратқан 1957 жылдан кейін Ресей де Батысты таңғалдыра алғанын айтқан.
"Сол уақыттан бері Ресей Батысты техникалық тұрғыдан еш жаңалығымен таңғалдыра алмаған болатын. Нарыққа ерте шыққан коронавирусқа қарсы вакцина ғана Ресейдің бар болғаны "зымырандары бар жоғарғы вольта" емес екенін дәлелдеді", - деп жазды журналист.
Сондай-ақ, Шустер беделді Lancet ғылыми басылымы "Спутника V" вакцинасының жоғары тиімділігін растағанын еске салып, бұл ресейлік үкіметтің препарат жайлы соңғы мәліметтерді жариялағанға дейін оны қолдануды бастау туралы шешімі дұрыс екеніне сенім ұялататынын айтты.
"Царьград" атап өткендей, The Lancet 2 ақпанда коронавирусқа қарсы "Спутника V" вакцинасының клиникалық сынақтарының үшінші кезеңінің нәтижелерін жариялады. Сарапшылар препараттың тиімділігі жоғары екенін және 91,6%-ті құрайтынын мәлімдеді.
Тамызда Ресейдің денсаулық сақтау министрлігі коронавирус инфекциясының алдын алуға арналған әлемдегі алғашқы вакцинаны тікеді. Бұл препаратты Ресейдің тікелей инвестициялар қорының қолдауымен Гамалея атындағы орталық мамандары әзірледі.
"Гам-Ковид-Вак" вакцинасының сауда атауы "Спутника V". Препарат адамның аденовирусты векторларының платформасында әзірленген және үш апта аралығымен екі дозаны егуді қарастырады.
Тиімділігі мен ұзақ уақытқа созылатын жағымсыз әсерлерінің болмауы вакцинаның басты артықшылықтарының бірі. Адамның аденовирусы негізіндегі препараттар елу жылдан бері жаппай қолданылуда.
Қазіргі уақытта "Спутник V" вакцинасы Ресей, Беларуссия, Аргентина, Боливия, Сербия, Алжир, Палестина, Венесуэла, Парагвай, Түркіменстан, Венгрия, Біріккен Араб Әмірліктері, Иран, Гвинея Республикасы және Тунисте тіркелген.