Қоғам

2021 жылы бірінші сынып оқушыларының құжаты электронды форматта қабылданады

© Sputnik / Владислав Воднев1 сентября в столичной школе имени Абая Кунанбаева
1 сентября в столичной школе имени Абая Кунанбаева - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.02.2021
Жазылу
Студенттер білім беру саласындағы мемлекеттік қызметтерді смартфон арқылы ала алады, ал педагогтарды аттестаттау рәсімі жеңілдетіледі. Мектеп оқушылары мен олардың ата-аналарына арналған қызметтерді цифрландыруда да өзгеріс енгізу жоспарланып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 3 ақпан — Sputnik. 2021 жылдан бастап бірінші сынып оқушылары үшін құжат қабылдау тек электронды түрде жүзеге асырылады. Бұл жөнінде білім және ғылым вице-министрі Рүстем Биғари мәлімдеді.

Оның айтуынша, бүгінде мемлекеттік органдар, жеке меншік және мемлекеттік кәсіпорындардың барлығы цифрландыру процесіне жұмылдырылған. Білім және ғылым министрлігі де бұл мәселеден шет қалмайды.

Оқи отырыңыз: Білім министрі оқушылар үшін қандай өзгеріс болатынын айтты 

"Бірнеше жылдан бері қазақстандық жоғарғы оқу орындарының базасында студенттерге қызмет көрсету орталықтары жұмыс істеп келеді. Тәжірибе көрсеткендей, мұндай орталықтардың тиімділігі төмен. Сондықтан, 2021 жылдың соңына дейін біздің студенттерге көрсетілетін білім беру қызметтерін автоматтандыру бойынша жұмыс істейміз. Мектепке, колледжге, жоғарғы оқу орнына қабылдау да кезең-кезеңімен электронды форматқа көшеді. Осылайша, 2021 жылдың өзінде-ақ бірінші сыныпқа құжаттар қабылдау электронды түрде жүзеге асырылады", - деп жазды вице-министр өзінің Facebook-тегі парақшасында.

Ол 2021 жылдың соңына дейін ведомство тағы 9 білім беру қызметін автоматтандыратынын айтты.

"Біз студенттер мемлекеттік білім беру қызметтерін өз смартфондары арқылы алуы үшін біз мұндай қызметтің барлық түрін автоматтандыруды көздеп отырмыз", - деп нақтылады Биғари.

Ол, сондай-ақ, мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру білім алушылар мен олардың ата-аналарына ғана емес, педагогтарға да қатысты болатынын айтты.

"Қазіргі уақытта біз педагогтар көптеген құжат жинап, зыр жүгірмей, алдағы аттестаттауға дайындалып, өз біліктілігін арттыруы үшін жұмыс жүргізіп жатырмыз", - деді вице-министр.

Айтуынша, мұғалімдер аттестаттауға құжат тапсыру кезінде бюрократияға тап болатынын айтып, көп шағым түсіреді.

Процесс қалай автоматтандырылады:

  • мұғалім Ұлттық білім берудің мәліметтер базасына өз портфолиосын орналастырады;
  • электронды түрде портфолионы барлық қажетті ақпаратпен толтырады.

Одан кейін үшінші кезеңде дайындық, ұлттық біліктілік тестіне қатысуға өтініштер қабылдау, тестілеу, біліктілік беру бойынша рәсмдерді жүргізетін аттестаттау комиссиясының жұмысы қамтылады. Біліктілік тағайындалған жағдайда жалақы көлеміне үстемақы төленетінін айта кету керек.

"Біз педагогтар үшін аттестаттаудың екінші кезеңін жеңілдеткіміз келеді. Тестілеуден кейінгі екінші кезеңде мұғалімдер білім беру бөлімдері мен басқармаларының кеңселеріне, "Азаматтарға арналған үкіметке" немесе egov.kz арқылы қағаз түрінде немесе электронды форматта бума-бума құжаттар тапсырады. Бір сөзбен айтқанда, қып-қызыл бюрократия", - деп түсіндірді вице-министр.

Жалпы, Білім және ғылым министрлігі барлық мемлекеттік білім беру қызметін оңтайландыруды қарастырып жатыр.
 

Жаңалықтар
0