Қоғам

Білім министрі оқушылар үшін қандай өзгеріс болатынын айтты

© REUTERS / YARA NARDIМектеп оқушылары
Мектеп оқушылары - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.02.2021
Жазылу
Министрдің айтуынша, бүгінде ПМПК-ға ең үлкен қажеттілік Түркістан, Алматы, Қарағанды, Атырау және Нұр-Сұлтан қалаларында байқалып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 2 ақпан – Sputnik. Білім министрлігі оқушылар үшін оқу жүктемесін азайтуды көздеп отыр. Бұл туралы ведомство басшысы Асхат Аймағамбетов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Министр орта білімде оқу жүктемесін азайту мәселелері қаралатынын атап өтті. Сондай-ақ, үлгілік оқу бағдарламалары жаңатылады.

"Президент тапсырмасына сәйкес, математика, тілдер және информатика пәндеріне ерекше назар аударылады", – деді Аймағамбетов үкімет отырысында.

Бұдан бөлек, министрлік "Қазақстан тарихы" мен "Дүниежүзі тарихы" пәндері бойынша бірыңғай оқулықтарды әзірлеу және енгізу үшін тиісті жұмыстарды бастады.

Сонымен қатар, ведомство басшысы инклюзивті білімді дамытуға тоқталды.

"Тапсырмаға сәйкес, ерекше балаларға арналған ұйымдардың ашылу нормативі 50 мың балаға бір психологиялық, медициналық және педагогикалық консультация есебінен өзгерту жоспарланады. Сондықтан қосымша 46 ПМПК және 25 түзету кабинетін құру қажет. Бұл ерекше балалар үшін ауадай қажет шара", – деді министр.

Оқи отырыңыз: Вакцина салдырған Аймағамбетов ағзасында қандай өзгеріс болғанын білді

Айтуынша, бүгінде ПМПК-ға ең үлкен қажеттілік Түркістан, Алматы, Қарағанды, Атырау және Нұр-Сұлтан қалаларында байқалып отыр.

Жаңалықтар
0