Қоғам

Коронавирустың таралуы бойынша Қазақстан "қызыл" аймақтан шықты

© REUTERS / YARA NARDIЗертхана қызметкері
Зертхана қызметкері - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.02.2021
Жазылу
Осы кездері Қазақстанның төрт өңірі "қызыл" аймақта, ал Нұр-Сұлтан мен тағы төрт облыс "сары" аймақта тұр

АЛМАТЫ, 1 ақпан – Sputnik. Қазақстанда коронавирустың таралауына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия аймақтардағы эпидемиологиялық жағдайды хабарлады.

Бірінші ақпандағы жағдай бойынша Ақмола, Батыс Қазақстан, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары коронавирустың таралуы бойынша "қызыл" аймақта тұр.

"Сары" аймақта Нұр-Сұлтан қаласы мен Атырау, Шығыс Қазақстан, Қостанай және Қарағанды облысы бар. Ал қалған өңірлер "жасыл" аймақта тұр.

Қазақстан Республикасы инфекцияның таралуы бойынша "сары" аймақта.

Бұған дейін Нұр-Сұлтан мен Алматы коронавирус инфекциясының таралуы бойынша "қызыл" аймақтан "сары" аймаққа өтті.

Оқи отырыңыз: Карантин, коменданттық сағат және қатаң жаза: адамзат коронавируспен қалай күресті?

Қазір Алматы "жасыл" аймақта тұр. Сондай-ақ, "қызыл" аймақтан "сары" аймаққа Атырау облысы ауысты. Шығыс Қазақстан облысы "жасыл" аймақтан "сарыға" көшті.

Айта кетейік, Қазақстанда бір тәулікте 1 259 адам коронавирус жұқтырды, 16 адам пневмонияға шалдықты.

Жаңалықтар
0