Фотоаппарат - Sputnik Қазақстан
Фото
Әлем және Қазақстан жаңалықтары - суреттер сөйлейді

Дрон-такси мен жүргізушісіз ұшатын болашақ автокөліктер – фото

Жазылу
Бір заманда бұл фантастика секілді көрінетін. Ал қазір шындыққа айналды. Болашақтың көліктері қандай болатынын фототоптамадан көріңіз

Бұрынғы уақытта бұлар жайлы тек фантаст жазушылар өз кітаптарында жазып, фантастикалық кинолар түсіретін. Супермендердің көліктері аспанға көтеріліп, адамның көз ілеспес жылдамдықпен жүйтки жөнелуі қиялды қанаттандыратын. Ал қазір болашақтың бейнесі ретінде көрсетілген бұл картиналар ақиқатқа айналды.

Түрлі технологиялық көрмелердегі ұшатын автокөліктер мен жүргізушісіз таксилер бүгінде таңданыс тудырмайды. Машина жасау саласындағы бұл жаңашылдықтар күндердің бір күнінде қалалардың әуе кеңістігінде ұшуына етіміз үйренуі әбден мүмкін.

Оқи отырыңыз: АҚШ-та өлім жазасына кесілген әйелдер кімдер – фото

Sputnik фототоптамасында әлемнің түрлі елдеріндегі өнертапқыштар мен құрастырушылар ойлап тапқан болашақтың көліктерін тамашалай аласыздар.

© Sputnik / Pavel Bednyakov / Медиабанкке өтуИнновацияларды пилоттық тестілеу бағдарламасы аясындағы дрон-таксиді Мәскеу инновациялық кластер қатысушы-компаниясы дайындады. Мұндай басқарушысыз жүретін көлік жолаушылар мен жүктерді әуе арқылы 100 километрге дейінгі қашықтыққа жеткізе алады.
 Мәскеу инновациялық кластер компаниясы дайындаған дрон-такси - Sputnik Қазақстан
1/10
Инновацияларды пилоттық тестілеу бағдарламасы аясындағы дрон-таксиді Мәскеу инновациялық кластер қатысушы-компаниясы дайындады. Мұндай басқарушысыз жүретін көлік жолаушылар мен жүктерді әуе арқылы 100 километрге дейінгі қашықтыққа жеткізе алады.
© Photo : Public domainМұндай көлік алғаш рет 1946 жылдың 12 шілдесінде аспанға көтерілді. Алайда, Convair Convair Model жобасы сәтсіздікке ұшырады. Сонымен қатар осы тектес конструкциялар басқа елдерде де құрастырылғанымен, аса үлкен танымалдыққа ие болмады. Сондықтан, жаппай өндіріске жіберілмеді.
Convair Convair Model жобасы - Sputnik Қазақстан
2/10
Мұндай көлік алғаш рет 1946 жылдың 12 шілдесінде аспанға көтерілді. Алайда, Convair Convair Model жобасы сәтсіздікке ұшырады. Сонымен қатар осы тектес конструкциялар басқа елдерде де құрастырылғанымен, аса үлкен танымалдыққа ие болмады. Сондықтан, жаппай өндіріске жіберілмеді.
CC BY-SA 4.0 / Alexander Migl / Pal-V Front III Genf 2018 (cropped image)Әлемдегі ең алғашқы сериялық ұшатын көлік PAL-V Женевадағы автосалонда тұр. Ол үш дөңгелекті болуына байланысты мотоцикл ерекшеліктері бар машина мен гидроплан гибриді болып табылады. Құрастырушылардың пікірінше, мұндай конструкция аэрокарды шағын әрі пайдалануға қолайлы етеді.
Әлемдегі ең алғашқы сериялық ұшатын көлік - Sputnik Қазақстан
3/10
Әлемдегі ең алғашқы сериялық ұшатын көлік PAL-V Женевадағы автосалонда тұр. Ол үш дөңгелекті болуына байланысты мотоцикл ерекшеліктері бар машина мен гидроплан гибриді болып табылады. Құрастырушылардың пікірінше, мұндай конструкция аэрокарды шағын әрі пайдалануға қолайлы етеді.
CC0 / Johnescalade / E-volo erstflugГерманиядағы e-volo компаниясы 2011 жылы тікұшаққа көбірек ұқсайтын VC1 ұшатын электрлі автомобиль жасап шығарды. Бұл машина сағатына 100 киломтер жылдамдықты еңсеруге және әуеде бір сағатқа дейін қалықтауға қабілетті. Аппаратты джойстик арқылы басқаруға болады.
VC1 ұшатын электрлі автомобилі - Sputnik Қазақстан
4/10
Германиядағы e-volo компаниясы 2011 жылы тікұшаққа көбірек ұқсайтын VC1 ұшатын электрлі автомобиль жасап шығарды. Бұл машина сағатына 100 киломтер жылдамдықты еңсеруге және әуеде бір сағатқа дейін қалықтауға қабілетті. Аппаратты джойстик арқылы басқаруға болады.
© AP Photo / John Locher2019 жылы Лас-Вегаста өткен CES технологиялық көрмесінде америкалық тікұшақтар жасайтын Bell Helicopter кәсіпорны Bell Nexus 4EX әуе таксиін таныстырды. Оның салоны автомобильдікіндей етіп жасалған: жолаушыларға арналған төрт орын мен ұшқыш отыратын алдыңғы бір орын бар.
Bell Nexus 4EX әуе таксиі - Sputnik Қазақстан
5/10
2019 жылы Лас-Вегаста өткен CES технологиялық көрмесінде америкалық тікұшақтар жасайтын Bell Helicopter кәсіпорны Bell Nexus 4EX әуе таксиін таныстырды. Оның салоны автомобильдікіндей етіп жасалған: жолаушыларға арналған төрт орын мен ұшқыш отыратын алдыңғы бір орын бар.
© Photo : Public domain / SDASM Archives1937 жылдың басында Валдо Ватерман өзінің айрықша Arrowbile аэромобилін – итеруші пропеллері бар екі орынды үш дөңгелекті машинаны құрастырды. Автокөлік 100 аттың күші бар Studebaker қозғалтқышымен жабдықталды.
 Arrowbile аэромобилі - Sputnik Қазақстан
6/10
1937 жылдың басында Валдо Ватерман өзінің айрықша Arrowbile аэромобилін – итеруші пропеллері бар екі орынды үш дөңгелекті машинаны құрастырды. Автокөлік 100 аттың күші бар Studebaker қозғалтқышымен жабдықталды.
© AP Photo / Claude ParisСловакиядағы AeroMobil компаниясы AeroMobil Flying Car ұшатын автомобильдің коммерциялық нұсқасын ұсынды. Оның құны 1 миллион еуродан асты. Автокөлік ұшу режиміне небәрі үш минутта ауыса алады.
AeroMobil Flying Car ұшатын автомобильдің коммерциялық нұсқасы - Sputnik Қазақстан
7/10
Словакиядағы AeroMobil компаниясы AeroMobil Flying Car ұшатын автомобильдің коммерциялық нұсқасын ұсынды. Оның құны 1 миллион еуродан асты. Автокөлік ұшу режиміне небәрі үш минутта ауыса алады.
© AP Photo / Kamran JebreiliДубайдағы EHang 184 дрон-таксиі. Жүргізушісіз басқарылатын бұл аппараттың сыртқы түрі төрт қалақшасы бар заманауи тікұшаққа ұқсайды. Оның артықшылығы – бұл экологиялық көлік. Ол қоршаған ортаға ешқандай зиян келтірмей, тек электр қуатымен жұмыс істейді. Коптердің кабинасына бір адам ғана сияды.
Дубайдағы EHang 184 дрон-таксиі - Sputnik Қазақстан
8/10
Дубайдағы EHang 184 дрон-таксиі. Жүргізушісіз басқарылатын бұл аппараттың сыртқы түрі төрт қалақшасы бар заманауи тікұшаққа ұқсайды. Оның артықшылығы – бұл экологиялық көлік. Ол қоршаған ортаға ешқандай зиян келтірмей, тек электр қуатымен жұмыс істейді. Коптердің кабинасына бір адам ғана сияды.
CC BY-SA 4.0 / Matti Blume / Audi Pop.Up Next, GIMS 2018, Le Grand-Saconnex (cropped image)Audi AG, Airbus және ItalDesign Giugiaro компанияларының концептуалды басқарусыз әрі ұшқышсыз ұшатын электромобилі. Audi Pop.Up.Next электромобилі жермен де, әуемен де қозғала алатын жолаушылар капсуласына ұқсайды.
Audi Pop.Up.Next электромобилі  - Sputnik Қазақстан
9/10
Audi AG, Airbus және ItalDesign Giugiaro компанияларының концептуалды басқарусыз әрі ұшқышсыз ұшатын электромобилі. Audi Pop.Up.Next электромобилі жермен де, әуемен де қозғала алатын жолаушылар капсуласына ұқсайды.
© Sputnik / Pavel Bednyakov / Медиабанкке өту"Лужник" стадионында дрон-таксиді сынақтан өткізіп жатыр. Бұл автокөлікті инновацияларды пилоттық тестілеу бағдарламасы аясында Мәскеу инновациялық кластерге қатысушы компания дайындады.
Лужник стадионында дрон-таксиді сынақтан өткізіп жатыр - Sputnik Қазақстан
10/10
"Лужник" стадионында дрон-таксиді сынақтан өткізіп жатыр. Бұл автокөлікті инновацияларды пилоттық тестілеу бағдарламасы аясында Мәскеу инновациялық кластерге қатысушы компания дайындады.
Жаңалықтар
0