Фотоаппарат - Sputnik Қазақстан
Фото
Әлем және Қазақстан жаңалықтары - суреттер сөйлейді

АҚШ-та өлім жазасына кесілген әйелдер кімдер – фото

Жазылу
Олар өмірін өлім камерасында аяқтаған адамдар. Көпшілігі бірнеше рет асқан қатыгездікпен жасаған қылмысы үшін ең ауыр жазаға кесілген жандар

Өлім жазасы Американың 28 штатында қолданылады. Мұндай жаза түрін АҚШ-та сирек кездеседі деуге болмас. Әйтсе де, әрбір мұндай жағдайға қоғам назар аударады. Кісі қанын жауыздықпен мойнына жүктегендерді құбыжық деп атайды.

Ал қорғаушылар болса, бұл кісілерге аяушылық танытып, ауыр жаза қолданбауды сұрайды. Себебі, адвокаттардың айтуынша, олардың барлығы дерлік бала кезінде зорлық көрген немесе психикалық ауытқуға ұшырағандар.

Олардың өмір тарихы жаға ұстататыны сөзсіз. Тіпті, кино түсіріп, кітап жазуға негіз болады. Сондай бір кинотуындының бірі "Монстр" деп аталады. Фильмде басты рөлді танымал актриса Шарлиз Терон сомдаған.

Оқи отырыңыз: Саяси көшбасшылардың ит-мысығы қандай – фото

2019 жылдың маусымында АҚШ-та өлім жазасын федералдық деңгейде қайта жаңғырту туралы шешім қабылданды. Ол кезде балаларды өлтірген және зорлаған төрт қылмыскер өлім жазасына кесілді. Бүгінде федералдық түрмелерде ең ауыр жаза түрінде үкім шыққан елуден астам қылмыскер отыр.

Америкалық әйелдердің қайсысы және қандай қылмысы үшін сот үкімімен өмірімен қош айтысқаны туралы Sputnik Қазақстан материалынан оқыңыз.

© AP Photo / Doug EngleЭйлин Уорнос АҚШ-тағы Лавиния Фишерден кейінгі екінші маньяк әйел атанды. "Түнгі көбелек" өз клиенттерін асқан жауыздықпен өлтіргені үшін өлім жазасына кесілді. 1990-шы жылдары көшеде жезөкшелікпен айналысқан ол жеті ер адамды тонап, өлтірген. Уорнос өзін-өзі қорғау мақсатында осындай әрекетке барғанын айтқан. Себебі, оның құрбандары Уорносты зорламақ болған. 2003 жылы режиссер және сценарист Пэтти Дженкинстің Эйлин Уорнос өмірінің желісі бойынша түсірілген "Монстр" атты өмірбаяндық драмасы жарық көрді. Фильмдегі басты рөлді актриса Шарлиз Терон ойнады. Кейіннен ол ең үздік әйел рөлі үшін "Оскар" сыйлығын алды.
Эйлин Уорнос АҚШ-тағы Лавиния Фишерден кейінгі екінші маньяк-әйел атанды - Sputnik Қазақстан
1/12
Эйлин Уорнос АҚШ-тағы Лавиния Фишерден кейінгі екінші маньяк әйел атанды. "Түнгі көбелек" өз клиенттерін асқан жауыздықпен өлтіргені үшін өлім жазасына кесілді. 1990-шы жылдары көшеде жезөкшелікпен айналысқан ол жеті ер адамды тонап, өлтірген. Уорнос өзін-өзі қорғау мақсатында осындай әрекетке барғанын айтқан. Себебі, оның құрбандары Уорносты зорламақ болған. 2003 жылы режиссер және сценарист Пэтти Дженкинстің Эйлин Уорнос өмірінің желісі бойынша түсірілген "Монстр" атты өмірбаяндық драмасы жарық көрді. Фильмдегі басты рөлді актриса Шарлиз Терон ойнады. Кейіннен ол ең үздік әйел рөлі үшін "Оскар" сыйлығын алды.
© REUTERS / Courtesy of Attorneys for Lisa MontgomeryЛиза Монтгомери АҚШ-та жүкті әйелді аса қатыгездікпен өлтіргені үшін өлім жазасына кесілді. Монтгомеридің адвокаттары оның туа біткен ми ақауы бар екенін және өгей әкесі жасаған жыныстық зорлық салдарынан психикалық аурумен ауырғанын алға тартты. Ол 2021 жылдың 13 қаңтарында федералды түрмеде өлім жазасына кесілді. Лиза Монтгомери өлім жазасына кесілген кезде 52 жаста еді.
Лиза Монтгомери өлім жазасына кесілген кезде 52 жаста еді - Sputnik Қазақстан
2/12
Лиза Монтгомери АҚШ-та жүкті әйелді аса қатыгездікпен өлтіргені үшін өлім жазасына кесілді. Монтгомеридің адвокаттары оның туа біткен ми ақауы бар екенін және өгей әкесі жасаған жыныстық зорлық салдарынан психикалық аурумен ауырғанын алға тартты. Ол 2021 жылдың 13 қаңтарында федералды түрмеде өлім жазасына кесілді. Лиза Монтгомери өлім жазасына кесілген кезде 52 жаста еді.
© AP Photo Фотода - Техас штатында өлім жазасына кесілген әйелдер.
Женщины, приговоренные к смертной казни в штате Техас - Sputnik Қазақстан
3/12
Фотода - Техас штатында өлім жазасына кесілген әйелдер.
© AP Photo / J. Pat CarterВанда Джин Аллен бірге тұратын 29 жастағы әйелді өлтіргені үшін АҚШ-та өлім жазасына кесілді. Бұл 1954 жылдан бері өлім жазасына кесілген бірінші афроамерикалық әйел және 1977 жылдан бері АҚШ аумағында өлім жазасын қолдануды қайта жаңғыртқаннан кейін ең ауыр жаза қолданылған алтыншы әйел.
Ванда Джин Аллен, казненная в США за убийство своей сожительницы - Sputnik Қазақстан
4/12
Ванда Джин Аллен бірге тұратын 29 жастағы әйелді өлтіргені үшін АҚШ-та өлім жазасына кесілді. Бұл 1954 жылдан бері өлім жазасына кесілген бірінші афроамерикалық әйел және 1977 жылдан бері АҚШ аумағында өлім жазасын қолдануды қайта жаңғыртқаннан кейін ең ауыр жаза қолданылған алтыншы әйел.
© AP Photo Вельма Барфилд – америкалық "сериялық" кісі өлтіруші. Ол өзінің азаматтық күйеуі мен тағы бірнеше адамды күшәламен улап өлтіргені үшін айыпталды. Барфилдке қатысты үкім 1984 жылдың 2 қарашасында Солтүстік Каролинада орындалды.
Вельма Барфилд, казненная в США за отравление мышьяком своего гражданского мужа и еще нескольких человек - Sputnik Қазақстан
5/12
Вельма Барфилд – америкалық "сериялық" кісі өлтіруші. Ол өзінің азаматтық күйеуі мен тағы бірнеше адамды күшәламен улап өлтіргені үшін айыпталды. Барфилдке қатысты үкім 1984 жылдың 2 қарашасында Солтүстік Каролинада орындалды.
© AP Photo / Chris JohnsonКристина Риггс өзінің 5 және 2 жастағы балаларын өлтірген. Оған улы дәрі егу арқылы өлім жазасы жүзеге асты. Өлер алдында Риггс "енді мен бұрыннан қалағанымдай өз балаларыммен бірге бола аламын" деді. Сот кезінде адвокаттар Кристинаның депрессияға шалдыққанын айтты.
Кристина Риггс, казненная в США за убийство своих детей - Sputnik Қазақстан
6/12
Кристина Риггс өзінің 5 және 2 жастағы балаларын өлтірген. Оған улы дәрі егу арқылы өлім жазасы жүзеге асты. Өлер алдында Риггс "енді мен бұрыннан қалағанымдай өз балаларыммен бірге бола аламын" деді. Сот кезінде адвокаттар Кристинаның депрессияға шалдыққанын айтты.
© AP Photo 38 жастағы Карла Фэй Такер екі көршісін балғамен ұрып өлтіргені үшін кесілген үкімнің орындалуын 14 жыл бойы күтті. Өлім жазасын орындау үшін оны орындыққа байлау және улы дәрігі егу кезінде қылмыскер әйел күліп жатқан. Оның қылмысты орындау кезінде ләззат алғаны туралы мәлімдемесі ұлттық деңгейдегі дауға айналды.
Карла Фэй Такер, казненная в США за убийство двух человек в ходе ограбления - Sputnik Қазақстан
7/12
38 жастағы Карла Фэй Такер екі көршісін балғамен ұрып өлтіргені үшін кесілген үкімнің орындалуын 14 жыл бойы күтті. Өлім жазасын орындау үшін оны орындыққа байлау және улы дәрігі егу кезінде қылмыскер әйел күліп жатқан. Оның қылмысты орындау кезінде ләззат алғаны туралы мәлімдемесі ұлттық деңгейдегі дауға айналды.
© AFP 2024 / HO / Texas DOCJ Кимберли Маккарти өзінің 71 жастағы көршісі Дороти Бутты тонап, асқан жауыздықпен өлтіргені үшін ауыр жазаға тартылды. Тергеу Маккарти егде жастағы әйелден қант сұрау үшін үйіне кіріп, оған аур дене жарақаттарын салған. Маккарти тағы екі қарт адамды өлтірді деген болжам да болды. Маккартидің өлім жазасы штат тарихындағы осы тектес 500-ші жаза болды.
Кимберли Маккарти, казненная в США за убийство ее 71-летней соседки, совершенное с особой жестокостью - Sputnik Қазақстан
8/12
Кимберли Маккарти өзінің 71 жастағы көршісі Дороти Бутты тонап, асқан жауыздықпен өлтіргені үшін ауыр жазаға тартылды. Тергеу Маккарти егде жастағы әйелден қант сұрау үшін үйіне кіріп, оған аур дене жарақаттарын салған. Маккарти тағы екі қарт адамды өлтірді деген болжам да болды. Маккартидің өлім жазасы штат тарихындағы осы тектес 500-ші жаза болды.
© AFP 2024 / Texas Department of CorrectionsБетти Лу Битсті өзінің күйеулерін өлтіргені үшін "қара әйел" деп атады. Тергеу мәліметі бойынша, ол 5 күйеуін о дүниелік еткен. Өлім жазасын орындау кезінде 62 жастағы Битстің бес баласы, тоғыз немересі және алты шөбересі болған. Полиция Битс өз күйеуін сақтандыру қаражаты үшін өлтірді деп санайды. Оның қорғаушылары "қара әйел" бала кезден физикалық және сексуалдық зорлық көріп келгенін айтып, оған жеңіл жаза қолдануды сұрады. Бірақ, сот оған өлім жазасын қолдану туралы шешім қабылдап, үкім 2000 жылдың ақпанында орындалды.
Бетти Лу Битс, казненная в США за убийство своих мужей - Sputnik Қазақстан
9/12
Бетти Лу Битсті өзінің күйеулерін өлтіргені үшін "қара әйел" деп атады. Тергеу мәліметі бойынша, ол 5 күйеуін о дүниелік еткен. Өлім жазасын орындау кезінде 62 жастағы Битстің бес баласы, тоғыз немересі және алты шөбересі болған. Полиция Битс өз күйеуін сақтандыру қаражаты үшін өлтірді деп санайды. Оның қорғаушылары "қара әйел" бала кезден физикалық және сексуалдық зорлық көріп келгенін айтып, оған жеңіл жаза қолдануды сұрады. Бірақ, сот оған өлім жазасын қолдану туралы шешім қабылдап, үкім 2000 жылдың ақпанында орындалды.
© AP Photo / Steve HelberТереза Льюис 2002 жылы күйеуі мен өгей баласын сақтандыру қаражаты үшін өлтірмек болғаны үшін өлім жазасына кесілді. Бұл қылмыстық іс АҚШ пен басқа елдерде де резонансты жағдайға айналды. 1976 жылы АҚШ-та өлім жазасы қайта қолданысқа енгізілгеннен бері ең ауыр жазаға кесілген 12-ші әйел. Оған улы дәрі егілген. Үкімді жүзеге асыру кезінде түрме маңына отыздан аса дам жиналып, соттың ең ауыр жаза қолодануына қарсылық акциясын ұйымдастырды.
Протестующие против смертной казни Терезы Льюис, осужденной в США за убийство  мужа и пасынка с целью получения страховых выплат - Sputnik Қазақстан
10/12
Тереза Льюис 2002 жылы күйеуі мен өгей баласын сақтандыру қаражаты үшін өлтірмек болғаны үшін өлім жазасына кесілді. Бұл қылмыстық іс АҚШ пен басқа елдерде де резонансты жағдайға айналды. 1976 жылы АҚШ-та өлім жазасы қайта қолданысқа енгізілгеннен бері ең ауыр жазаға кесілген 12-ші әйел. Оған улы дәрі егілген. Үкімді жүзеге асыру кезінде түрме маңына отыздан аса дам жиналып, соттың ең ауыр жаза қолодануына қарсылық акциясын ұйымдастырды.
© AFP 2024 / Alabama Department of CorrectionsЛинда Лион Блок полиция қызметкерін өлтіргені үшін электр орындығында өлтірілді. Ол бұл қылмысты күйеуімен бірге жүзеге асырған. Сот кезінде ерлі-зайыптылар бұл өзін-өзі қорғау болғанын айтқан. Олардың екеуі де өлім жазасына кесілді. Блок 1976 жылдан бері өлім жазасына кесілген 14 әйелдің екіншісі болды.
Линда Лион Блок, казненная в США за убийство - Sputnik Қазақстан
11/12
Линда Лион Блок полиция қызметкерін өлтіргені үшін электр орындығында өлтірілді. Ол бұл қылмысты күйеуімен бірге жүзеге асырған. Сот кезінде ерлі-зайыптылар бұл өзін-өзі қорғау болғанын айтқан. Олардың екеуі де өлім жазасына кесілді. Блок 1976 жылдан бері өлім жазасына кесілген 14 әйелдің екіншісі болды.
© AP Photo / Pat SullivanФрэнсис Ньютон күйеуі мен екі баласын өлтіргені үшін улы дәрі көмегімен сот үкімі орындалды. Ол өз құрбандарының өлімі үшін 100 мың доллар көлемінде сақтандыру ақысын алуды жоспарлаған. Ол АҚШ-тағы азаматтық соғыс кезінен бері Техас штатында өлім жазасына кесілген бірінші қара нәсілді әйел болды.
Фрэнсис Ньютон, казненная в США за убийство мужа и двух детей  - Sputnik Қазақстан
12/12
Фрэнсис Ньютон күйеуі мен екі баласын өлтіргені үшін улы дәрі көмегімен сот үкімі орындалды. Ол өз құрбандарының өлімі үшін 100 мың доллар көлемінде сақтандыру ақысын алуды жоспарлаған. Ол АҚШ-тағы азаматтық соғыс кезінен бері Техас штатында өлім жазасына кесілген бірінші қара нәсілді әйел болды.
Жаңалықтар
0