Өңірлер

Атырауда көпбалалы ана дәретханада босанып, сәбиді қоқыс жәшігіне тастап кетті

© Photo : pixabay.comНәресте табаны, иллюстративті фото
Нәресте табаны, иллюстративті фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Төрт баласы бар тұрмыстағы әйел өзінің жүктілігі туралы жергілікті дәрігерлерге ешбір хабар бермеген

АЛМАТЫ, 29 қаңтар – Sputnik. Атырау облысында көпбалалы ана жаңа туған сәбиін қоқыс жәшігіне тастап кеткен. Бұл туралы өңірлік "Ақ жайық" порталы хабарлады.

Оқиға 24 қаңтарда Қызылқоға ауданы Сағыз ауылында болған. 35 жастағы әйел босанған соң жаңа туған нәрестені қоқыс жәшігіне тастап кеткен.

Әйелден қан кетіп, жедел жәрдем шақырған. Дәрігерлер оның жақында босанғанын анықтады. Алайда үйде сәби болмаған соң дәрігерлер полиция шақырған.

Кейінірек бала үйден жүз метр қашықтағы қоқыс жәшігінен табылды.

Сәбидің толыққанды және биологиялық тұрғыдан дамығаны анықталды.

Оқи отырыңыз: Анасының құрсағында коронавирус жұқтырған алғашқы сәби дүниеге келген

Айта кетейік, әйел тұрмыста, төрт баласы бар. Алайда ол бұл жүктілігін дәрігерлерге хабарламаған, үйінде дәретханада босанған.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Жаңалықтар
0