Осы аптада виртуалды форматта өткен Давос форумы ғаламшарды жарқын болашаққа апаратын жолды табуға қауқарлы ең үздік және қуаттылардың басын қосуға тырысты. Шара барысында сөйлеген көп тұлғалардың ішінен мұндай жарқын жолдың бар екеніне сенім білдіріп, көңілге үміт ұялататындардың баяндамасына назар салуымыз керек.
Мысалы, "Соңғы 30 жыл ішінде бірқатар дамыған елдерде азаматтардың жартысынан көбінің табысы нақты мәнде тоқырап тұрды, өскен жоқ. Бірақ, білім беру мен денсаулық сақтау қызметтерінің құны өсті. Қаншаға дейсіз бе? Үш есе". Сонымен қатар, Қытай жайлы да пікір білдірді: "Егер кіріс деңгейін тәулігіне бір адамға 5,5 доллар деңгейінде алатын болсақ, онда, Дүниежүзілік банктің мәліметтері бойынша, мысалы, Қытайда табысы төмен адамдардың саны 1990 жылғы 1,1 миллиардтан соңғы жылдардағы 300 миллионға дейін қысқарған". Содан кейін дәл осы статистика бойынша Ресейге тоқталып, елдегі кедейлер саны бір тәуліктегі 5,5 долларлық кірістің арғы жағында 1999 жылғы 64 миллионнан қазіргі кезде шамамен бес миллионға дейін төмендегенін айтты.
Путин дағдарыс бойынша мынандай диагноз қойды: осыдан 30-40 жыл бұрын жұмыс істеген модельдер қалпына келтіруге жарамсыз, падемиялық дағдарыс оның апатқа ұшырауын жылдамдатып жіберді.
"Әлем миллион адамға немесе "алтын миллиардқа" жұмыс істейтін экономиканы құру бағытында алға жылжи алмайтыны анық. Бұл теріс станым. Мұндай модель тұрақты емес", - деді ол.
Сол себепті Мәскеу алдағы дәуірде тіршілік етудің кез-келген халық пен қоғам үшін жарамды қарапайым әрі түсінікті төрт мақсатын ұсынды. Оны қысқартып жазар болсақ, мыналар:
- Адамның өмір сүруге қолайлы ортасы болуы керек. Бұл тұрғын үй және қолжетімді инфрақұрылым: көліктік, энергетикалық, коммуналдық. Әрине, экологиялық әл-ауқат.
- Адам өзіне тұрақты өсіп отыратын табыс және лайықты өмір деңгейін қамтамасыз ететін жұмысы болатынына сенімді болуы керек.
- Адам қажет болған кезде сапалы, тиімді медициналық көмек алатынына, денсаулық сақтау жүйесі кез-келген жағдайда заманауи деңгейдегі қызметті ұсынатынына сенімді болуы керек.
- Отбасы табысына қарамастан, балалар лайықты білім алып, өз мүмкіндіктерін жүзеге асыра алуы керек. Заманауи экономиканың тиімді дамуын тек осы арқылы кепілдендіруге болады. Экономикада адамдар құрал емес, мақсат болуы керек.
Бұл бір қарағанда социализмге ұқсас болғанымен, мүлде олай емес. Қоғамдар мем мемлекеттердің тіршілік етуінің қарапайым мақсаттары мен қарапайын мәндерін басшылыққа алған кез-келген жүйе жұмыс істейді.
Айтпақшы, осы төрт тармақтың бесіншісі тағы бар: төбелеспеңдер, әйтпесе әлемде барлығы барлығы қарсы тұрған соғыс басталу қаупі бар. Сондықтан, өзіндік модельдері бар, саяси жүйе орнатқан, қоғамдық институт құрған түрлі даму орталықтары бейбіт бәсекелестік жүргізетін жаңа дәуірді құру керек.
Давос форумында тек Ресей президентінің сөзі назарға алынған жоқ. Бұл жиын Путин кімге қарата сөйледі? Ынтымақтастық пен бір тағдырластықты сөз еткен Си Цзиньпин кімді меңзеді? "Алтын миллиардты" корпорацияларға ма? Әлде, әлемнің екі жүзге жуық еліне ме?
Жалпы, тоқетерін айтсақ, әлем баяғы қалпына қайта түспей, жақсы жаққа өзгеруі керек екенін сенетін және жол көрсететін елдер бар екен. Тек, ниет бір болса жеткілікті.