Өңірлер

Қазақстанның бір облысында санитарлық бекеттер қойылады

© Sputnik / Тимур БатыршинАлматы блокбекетіндегі баннер, архивтегі сурет
Алматы блокбекетіндегі баннер, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Шектеу шараларының мерзімі облыс аумағында COVID-19 инфекциясының таралуы бойынша ахуалдың өзгеруіне сәйкес қайта қаралуы мүмкін

НҰР-СҰЛТАН, 25 қаңтар – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысының бүкіл аумағында 25 қаңтардан 7 ақпанға дейін шектеу шаралары күшейтілді.

"Шығыс Қазақстан облысының аумағында 2021 жылдың 25 қаңтарынан бастап 7 ақпанға дейін шаруашылық және өзге де қызметтер, халықтың тыныс-тіршілігінің ерекше жағдайларымен шектеу шаралары ұзартылсын. Шектеу шараларының режимі мен мерзімі облыс аумағында COVID-19 таралуы бойынша ахуалдың өзгеруіне сәйкес қайта қаралуы мүмкін", - делінген бүгін күшіне енген жаңа қаулыда.

Оған сәйкес, Шығыс Қазақстан облысының сыртқы шекарасында кіріп-шығуды бақылау үшін Павлодар облысы жағынан 2 санитарлық бекет жұмыс істейді.

Сонымен қатар, "Ауыл", "Уба", "Бақты", "Майқапшағай" өткізу пунктерінде (Шемонаиха, Бородулиха, Үржар, Зайсан аудандары – 1 бірліктен) Қазақстанның мемлекеттік шекарасы арқылы автоөткелдерде 4 санитарлық бекет қойылады.

Тағы оқыңыз: Облыстардың бірінде карантин күшейтіледі: неге тыйым салынды

"Растайтын құжаттарды көрсеткен жағдайда, осы қаулының 1 қосымшасында көрсетілген адамдарды қоспағанда, азаматтардың облыс аумағына кіріп-шығуына тыйым салынсын", - делінген қаулыда.

Азаматтардың жекелеген санаттарына санитарлық бекет арқылы кіру немесе шығуға рұқсат қала немесе ауданның жергілікті атқарушы органының шешімімен берілуі мүмкін.

Санитарлық бекеттерде адамдардың дене қызуы тексеріліп, сауалнама жүргізіледі.

Инфекциялық ауру белгілері бар адамдар анықталса, жедел жәрдем шақырылады.

Жаңалықтар
0