Өңірлер

Облыстардың бірінде карантин күшейтіледі: неге тыйым салынды

© AFP 2024 / STRМедики готовят пробирки с ПЦР-тестами на коронавирус для отправки в лабораторию
Медики готовят пробирки с ПЦР-тестами на коронавирус для отправки в лабораторию - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жаңа қаулыға сәйкес, облысаралық, облыс ішіндегі, ауданаралық автобустар мен шағын автобуспен жолаушы тасымалы тоқтатылады

ПАВЛОДАР, 23 қаңтар – Sputnik. Павлодар облысы бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысына толықтыр енгізілді. Өзгеріс, негізінен, көлік, тамақтану орындары және қоғамдық көлік қозғалысына қатысты, деп мәлімдеді санитарлық-эпидемиологиялық бақылау өңірлік департаментінің өкілі Ғизат Әбешев.

Жаңа қаулыға сәйкес, облысаралық, облыс ішіндегі, ауданаралық автобустар мен шағын автобуспен жолаушы тасымалы тоқтатылады. Бұл Павлодар-Ақсу-Павлодар бағдарымен біріктірілген Ақсу-Павлодар-Ақсу бағдарына қатысты емес. Сондай-ақ, мейрамхана, дәмхана, бар, асхана және өзге тамақтану орындарының демалыс күндері жұмыс істеуіне тыйым салынады. Тұрғындар тағамға тапсырыс бере алады немесе өзімен бірге алып кету мүмкіндігі қарастырылған.

Бұдан бөлек, барлық сауда нысандары, қоғамдық көлік, такси, лифт және өзге де қоғамдық орындарда санитарлық және дезинфекциялық өңдеу жүргізілуі тиіс.

Қаулы 25 қаңтар күні сағат 00.00-де күшіне енеді. 8 ақпан түнгі он екіге дейін жоспарланып отыр.

Жаңа шектеу шараларының енгізілуі облыста коронавирус жұқтырғандар санының артуымен байланысты.

Өңірлердегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы бойынша 17 қаңтар күні Павлодар облысы "қызыл" аймаққа енді. 21 қаңтарда 226 адам ковид жұқтырды. Республика бойынша ең көп жағдай тіркеліп отырған өңірлердің бірі.

Жаңалықтар
0