Саясат

Су кодексіне түзету енгізілді: Тоқаев заңға қол қойды

© Public DomainПитьевая вода
Питьевая вода - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қолданысқа енгізілген заң ауылдық жерлердегі халықты ауыз сумен жабдықтау қызметінің құнын төмендетуді қарастырады

НҰР-СҰЛТАН, 25 қаңтар – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының Су кодексіне жергілікті өкілді, орталық және жергілікті атқарушы органдар арасында ауызсумен жабдықтауды субсидиялау жөніндегі өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға қол қойды, деп хабарлады Ақорданың сайты.

Оқи отырыңыз: Таза ауыз су әрбір үйде болуы керек – Тоқаев

Жаңа түзетулерге сәйкес, енді жергілікті жерде ауыз сумен жабдықтау қызметінің бағасын мәслихаттар анықтайды. Мысалы, мәслихат республика бойынша ең төменгі тарифтен төмен емес және облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуын ескере отырып, орташа облыстық деңгейден жоғары емес төлемдер мөлшерін бекіте алады.

Заң жобасының негізгі мақсаты:

  • халықты ауыз сумен жабдықтауды қамтамасыз ету рәсімін оңтайландыру;
  • жаңадан салынған ауыз сумен жабдықтау жүйелерін жеңілдікті объектілер тізіміне қосуды жеделдету;
  • ауылдық жерлердегі халықты ауыз сумен жабдықтау қызметінің құнын төмендету.

Айта кетейік, бүгінде халықты ауыз сумен жабдықтау қызметінің құнын төмендету мақсатында мемлекеттен субсидия бөлініп тұрады. 2021 жылда осы мақсатта 16 миллиард теңге қарастырылған.

Ресми мәліметке сәйкес, қазіргі кезде ауыл халқының 87 проценті орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етілген. Осы санатқа 4 078 ауыл кіреді. Олардың ішінде 42 проценті субсидия алған.  

Жаңалықтар
0