Әлемнің ең мықты көшбасшылары мен саясаткерлері өз қызметінде түрлі жағдайды бастан кешіреді. Кейде қатаң шешім қабылдайтын кездер де жиі болады. Бұл мінез мызғымастығы мен күшті жігерді талап етеді. Әйтсе, дәл осы саяси саңлақтар, ел билігін қолына ұстаған азаматтар ит пен мысық десе көңілі бөлек, жүрегі жұмсақ. Себебі, олар да ет пен сүйектен жаралған адам.
Олар да қиын жұмыс күнінен кейін үйге оралғанда, мысығының пырылын естіп, итінің алдынан құйрығын бұлғаңдата жүгіріп шығатын үй жылулығы мен жайлылығын сезінгісі келеді.
Бүгінгі фототоптамада – танымал саясаткерлердің үй жануарлары. Кейде бұл жануарлар өз иелерінен кем түспейтін танымалдыққа ие болады.
Мысалы, президент Владимир Путин резиденциясында 15 жыл бойы Конни атты лабрадор өмір сүрді. Ол "Огонек" журналындағы комикстердің жұлдызды кейіпкері болды. Ол қаза болған соң, ресейлік көшбасшының қарауында болгариялық овчарка Баффи мен акита-ину Юмэ қалды.
Оқи отырыңыз: АҚШ-тың 45-ші президенті: Дональд Трамп қандай әрекеттерімен есте қалды – фото
Ал Ақ үйде төрт жылдық үзілістен кейін қайтадан үй жануарлары пайда болды. Бұл – АҚШ-тың жаңа президенті Джо Байденнің неміс овчаркалары Чемпион мен Мейджор. Алдыңғы көшбасшы Дональд Трамп көпжылдық дәстүрге қарамастан, Ақ үйге ит, мысық кіргізуге қарсы болды.
Фототоптамадан АҚШ президенті Барак Обама мен Билл Клинтон, Жаңа Зеландия премьер-министрі Джасинда Ардерн, Финляндия көшбасшысы Саули Ниинисто, Францияның мемлекет басшысы Эммануэль Макронның сүйікті үй жануарларын көруге болады.