Фотоаппарат - Sputnik Қазақстан
Фото
Әлем және Қазақстан жаңалықтары - суреттер сөйлейді

АҚШ-тың 45-ші президенті: Дональд Трамп қандай әрекеттерімен есте қалды – фото

Жазылу
Биліктен кеткен АҚШ көшбасшысы Дональд Трамп мемлекет тарихындағы екі рет импичмент жарияланған жалғыз президент

Дональд Трамптың ел тізгінін қолына ұстаған шақта қандай "рекордтар" орнатқаны туралы Sputnik фототоптамасынан тамашалаңыз.

Дональд Трамп инаугурациядан кейін бірден Транс-Тынық мұхиты серіктестігінен шығатынын жариялады. Бұл Азия-Тынық мұхиты аймағындағы 12 елді біріктіретін сауда келісімі. Кейінірек, оның бастамасымен Америка Құрама Штаттары бірқатар халықаралық келісімдерден бас тартты. Мысалы, АӨСШК, Ресеймен арадағы "ашық аспан" келісімшарты, Иранмен жасалған ядролық келісім. Сонымен қатар олардың қатарында ЮНЕСКО, ДДҰ және Адам құқықтары жөніндегі кеңес секілді халықаралық ұйымдар да бар.

Трамптың сайлауалды бағдарламасының ішіндегі ең бастысы – "Американы қайтадан ұлы ел етеміз" деген ұран болды. Сондықтан ол Мексикамен шекарада қорған құрылысын бастауды алғашқы қадам ретінде бағалады. Трамптың пікірінше, бұл заңсыз миграцияның деңгейін төмендетеді. Өзі билік еткен бастапқы уақытта Трамп осы жобаға қосымша қаржы табу үшін бюджет құжаттарына қол қоймай, елдегі үкімет пен барлық мемлекеттік органдардың жұмысына кедергі келтірді. Оның президенттік өкілеті аяқталар шақта ұзындығы 3,1 мың киломтерді құрайтын шекараның бар болғаны 700 километріне "Трамп қорғаны" салынды.

АҚШ пен Солтүстік Корея көшбасшыларының тарихи кездесуі Дональд Трамп пен Ким Чен Ынның өзара жақсы қарым-қатынасына қарамастан, қандай да бір келісімдердің жасалуына алып келген жоқ.

Бірнеше жыл бойы ел экономикасы президент Трамптың әлеуетіне айналды. Пандемияға дейін үздіксіз өсім кезеңі он жылды құрады. Бірақ коронавирус басталғаннан кейін барлығы құрдымға кеткендей.

Оқи отырыңыз: Рейганнан Трампқа дейін: АҚШ президенттерінің инаугурациясы қалай өтті – фото

Трамп президенттігінің соңғы жылындағы экономиканың құлдырауын кезекті "ұлы депрессиямен" салыстырды. Сондай-ақ, денсаулық сақтау саласындағы алдыңғы көшбасшы Барак Обама мұрасының көзін құртуға деген ұмтылыс коронавирус бойынша статистикада АҚШ-тың трагедиялық көш бастауына себепші болғандай: елде коронавируспен ауырғандар саны 24 миллион адамға жетсе, оның ішінде 398 мың адам көз жұмған. Бұл мінсіз әлемдік "рекорд".

Президент болған шағында Дональд Трамп Айды "жекешелендіріп", қорғаныс бюджетін айтарлықтай ұлғайту арқылы елде ғарыш әскерлерін жасақтай алды. Осы уақытта елде алғаш рет бортында адамдар бар жеке ғарыш кемесі Жерден ұшып шықты. Президент мәлімдемелері аясындағы шу, отбасындағы күрделі мәселелер, өз әкімшілігі мен парламент арасындағы шиеленіскен жағдай, Black Lives Matter наразылықтары, Капитолийді басып алу. Бұл Трамптың арқасында болған ең қызықты әрі таңғаларлық жағдайлар ғана емес.

© AFP 2024 / Saul LoebИранмен арадағы ядролық келісімнен АҚШ-тың шығуы туралы хабарланғаннан кейін АҚШ президенті Дональд Трамп Иранға қарсы санкцияларды қалпына келтіру туралы құжатқа қол қойып жатыр. Вашингтондағы Ақ үйдің Дипломатиялық қабылдауы, 2018 жыл.
АҚШ президенті Дональд Трамп - Sputnik Қазақстан
1/18
Иранмен арадағы ядролық келісімнен АҚШ-тың шығуы туралы хабарланғаннан кейін АҚШ президенті Дональд Трамп Иранға қарсы санкцияларды қалпына келтіру туралы құжатқа қол қойып жатыр. Вашингтондағы Ақ үйдің Дипломатиялық қабылдауы, 2018 жыл.
© AFP 2024 / Atta KenareИрандықтар Ислам революциясының күзетшісі генерал-майор Касем Сулеймани бейнеленген плакаттарды қолына ұстап, 2020 жылдың 3 қаңтарында Тегеранда АҚШ-тың Бағдатқа соққы жасауы салдарынан қаза тапқан бас қолбасшының өлтірілуіне қарсылық демонстрациясына қатысып жатыр.
 2020 жылдың 3 қаңтары. Тегеран. - Sputnik Қазақстан
2/18
Ирандықтар Ислам революциясының күзетшісі генерал-майор Касем Сулеймани бейнеленген плакаттарды қолына ұстап, 2020 жылдың 3 қаңтарында Тегеранда АҚШ-тың Бағдатқа соққы жасауы салдарынан қаза тапқан бас қолбасшының өлтірілуіне қарсылық демонстрациясына қатысып жатыр.
© AFP 2024 / Saul LoebФлорида штатының Сэнфорд қаласындағы Орландо Сэнфорд халықаралық әуежайындағы сайлау науқаны кезінде АҚШ президенті Дональд Трамп "Американы қайтадан ұлы мемлекет етеміз" митингіне келіп, өз жақтаушыларына бетперде лақтырып жатыр. 12 қазан 2020 жыл.
АҚШ президенті Дональд Трамп - Sputnik Қазақстан
3/18
Флорида штатының Сэнфорд қаласындағы Орландо Сэнфорд халықаралық әуежайындағы сайлау науқаны кезінде АҚШ президенті Дональд Трамп "Американы қайтадан ұлы мемлекет етеміз" митингіне келіп, өз жақтаушыларына бетперде лақтырып жатыр. 12 қазан 2020 жыл.
© AFP 2024 / Timothy A. ClaryНью-Йорктегі импичмент пен қызметтен кетіру коалициясы Трамп президенттігінің аяқталуын талап ету үшін ұлттық демонстранттарға қосылып, 2019 жылдың 17 желтоқсанында мыңнан астам наразылық білдірушілер Таймс-Скверге жиналды.
Нью-Йорктегі Таймс-Сквер - Sputnik Қазақстан
4/18
Нью-Йорктегі импичмент пен қызметтен кетіру коалициясы Трамп президенттігінің аяқталуын талап ету үшін ұлттық демонстранттарға қосылып, 2019 жылдың 17 желтоқсанында мыңнан астам наразылық білдірушілер Таймс-Скверге жиналды.
© Sputnik / Sergey Guneev / Медиабанкке өтуРесей президенті Владимир Путин мен АҚШ президенті Дональд Трамп Хельсинкидегі кездесуден кейінгі бірлескен баспасөз конференциясында.
Ресей президенті Владимир Путин мен АҚШ президенті Дональд Трамп - Sputnik Қазақстан
5/18
Ресей президенті Владимир Путин мен АҚШ президенті Дональд Трамп Хельсинкидегі кездесуден кейінгі бірлескен баспасөз конференциясында.
© AFP 2024 / Thomas Peter2017 жылдың 9 қарашасында АҚШ президенті Дональд Трамп Қытайдың премьер-министрі Ли Кэцянмен Бейжіңдегі Үлкен халық залында кездесу барысы. Дональд Трамп президент болған кезде АҚШ пен Қытай арасында сауда соғыстары басталды.
АҚШ президенті Дональд Трамп пен Қытайдың премьер-министрі Ли Кэцян - Sputnik Қазақстан
6/18
2017 жылдың 9 қарашасында АҚШ президенті Дональд Трамп Қытайдың премьер-министрі Ли Кэцянмен Бейжіңдегі Үлкен халық залында кездесу барысы. Дональд Трамп президент болған кезде АҚШ пен Қытай арасында сауда соғыстары басталды.
© Sputnik / Stringer / Медиабанкке өтуӨзін Венесуэланың уақытша президенті деп жариялаған оппозиция жетекшісі Хуан Гуаидо Каракаста жақтастарымен кездесу кезінде. 2019 жылдың қаңтарында ол өзін-өзі ел көшбасшысы деп жариялағаннан кейін Дональд Трамп Гуаидоға бірден қолдау білдірді. Алайда, сайлау нәтижелеріне сәйкес Николас Мадуро 68% дауысқа ие болып, 10 қаңтарда инаугруация өткізді. Дегенмен, Гуаидоны АҚШ және басқа да бірнеше елдер қолдап келді. Бүгінгі күнге дейін елде екі президент, тіпті екі парламент бар. Мадуро коронавирусқа қарсы "Спутник V" вакцинасын сатып алу және өндіру бойынша әріптестік орнатқан.
Венесуэланың уақытша президенті деп жариялаған оппозиция жетекшісі Хуан Гуаидо - Sputnik Қазақстан
7/18
Өзін Венесуэланың уақытша президенті деп жариялаған оппозиция жетекшісі Хуан Гуаидо Каракаста жақтастарымен кездесу кезінде. 2019 жылдың қаңтарында ол өзін-өзі ел көшбасшысы деп жариялағаннан кейін Дональд Трамп Гуаидоға бірден қолдау білдірді. Алайда, сайлау нәтижелеріне сәйкес Николас Мадуро 68% дауысқа ие болып, 10 қаңтарда инаугруация өткізді. Дегенмен, Гуаидоны АҚШ және басқа да бірнеше елдер қолдап келді. Бүгінгі күнге дейін елде екі президент, тіпті екі парламент бар. Мадуро коронавирусқа қарсы "Спутник V" вакцинасын сатып алу және өндіру бойынша әріптестік орнатқан.
© AFP 2024 / Saul LoebБахрейннің сыртқы істер министрі Абдуллатиф әл-Заяни, Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху, АҚШ президенті Дональд Трамп және БАӘ сыртқы істер министрі Абдулла бен Заид әл-Нахайянның 2020 жылдың 15 қыркүйегінде БАӘ және Бахрейннің Израильмен қарым-қатынас орнатуы турады келісімнің көшірмелерін көрсету сәті.
2020 жылдың 15 қыркүйегі - Sputnik Қазақстан
8/18
Бахрейннің сыртқы істер министрі Абдуллатиф әл-Заяни, Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху, АҚШ президенті Дональд Трамп және БАӘ сыртқы істер министрі Абдулла бен Заид әл-Нахайянның 2020 жылдың 15 қыркүйегінде БАӘ және Бахрейннің Израильмен қарым-қатынас орнатуы турады келісімнің көшірмелерін көрсету сәті.
© AP Photo / Sebastian ScheinerАҚШ президенті Дональд Трамптың қызы Иванка Трамп пен АҚШ қаржы министрі Стив Мнучин 2018 жылдың 14 мамырында Иерусалимде АҚШ-тың жаңа елшілігінің ашылу салтанатында мемориалды тақтаны ашты. Сайлау науқаны кезінде Трамп Иерусалимді Израильдің астанасы деп мойындап, АҚШ елшілігін Тель-Авивтен осы қалаға көшіруге уәде берген болатын.
Трамптың қызы Иванка Трамп пен АҚШ қаржы министрі Стив Мнучин - Sputnik Қазақстан
9/18
АҚШ президенті Дональд Трамптың қызы Иванка Трамп пен АҚШ қаржы министрі Стив Мнучин 2018 жылдың 14 мамырында Иерусалимде АҚШ-тың жаңа елшілігінің ашылу салтанатында мемориалды тақтаны ашты. Сайлау науқаны кезінде Трамп Иерусалимді Израильдің астанасы деп мойындап, АҚШ елшілігін Тель-Авивтен осы қалаға көшіруге уәде берген болатын.
© AP Photo / Susan WalshПрезидент Дональд Трамп 2019 жылдың 30 маусымында демилитаризацияланған аймақтағы Пханмунджом шекара маңындағы ауылда Солтүстік Кореяның көшбасшысы Ким Чен Ынмен солтүстік кореялық шекараға қарай беттеген кез.
Дональд Трамп пен Ким Чен Ынмен - Sputnik Қазақстан
10/18
Президент Дональд Трамп 2019 жылдың 30 маусымында демилитаризацияланған аймақтағы Пханмунджом шекара маңындағы ауылда Солтүстік Кореяның көшбасшысы Ким Чен Ынмен солтүстік кореялық шекараға қарай беттеген кез.
© AP Photo / Ramon EspinosaШекарадағы күзет басқа учаскеде болған шақта мигрант әйел Мексикамен шекарада АҚШ-тың қолдан жасаған туын алып жүруге көмектесуде.
Мигрант әйел Мексикамен шекарада АҚШ-тың қолдан жасаған туын алып жүруге көмектесуде.  - Sputnik Қазақстан
11/18
Шекарадағы күзет басқа учаскеде болған шақта мигрант әйел Мексикамен шекарада АҚШ-тың қолдан жасаған туын алып жүруге көмектесуде.
© AFP 2024 / Alex Edelman2020 жылдың 4 қазанында Мэриленд штатында АҚШ президенті Дональд Трамп мінген көлік оның жақтастары тұрған көшемен жүріп өтуде. АҚШ президенті бетперде тағып түскен сирек фотосуреттердің бірі.
Трамп мінген көлік оның жақтастары тұрған көшемен жүріп өтуде - Sputnik Қазақстан
12/18
2020 жылдың 4 қазанында Мэриленд штатында АҚШ президенті Дональд Трамп мінген көлік оның жақтастары тұрған көшемен жүріп өтуде. АҚШ президенті бетперде тағып түскен сирек фотосуреттердің бірі.
© AP Photo / David J. PhillipFedEx қызметкері Хьюстондағы Қытай консулдығынан қораптарды алып кетіп жатыр. Тыңшылық және интеллектуалды меншікті ұрлады деген айыптаулардан кейін АҚШ талабы бойынша Қытайдың дипломатиялық өкілдігі жабылған болатын. ҚХР-дың тәуелсіз аумағы болып табылатын консулдық ғимаратына америкалық қызметкерлердің кіруі Қытай билігінің ашуын келтірді. Осыған жауап ретінде Қытай билігі Уханьдағы америкалық өкілдікті жабуды талап етті.
Хьюстондағы Қытай консулдығы - Sputnik Қазақстан
13/18
FedEx қызметкері Хьюстондағы Қытай консулдығынан қораптарды алып кетіп жатыр. Тыңшылық және интеллектуалды меншікті ұрлады деген айыптаулардан кейін АҚШ талабы бойынша Қытайдың дипломатиялық өкілдігі жабылған болатын. ҚХР-дың тәуелсіз аумағы болып табылатын консулдық ғимаратына америкалық қызметкерлердің кіруі Қытай билігінің ашуын келтірді. Осыған жауап ретінде Қытай билігі Уханьдағы америкалық өкілдікті жабуды талап етті.
© AFP 2024 / Justin Sullivan / Getty ImagesМыңдаған наразылық білдірушілер Лос-Анджелес халықаралық әуежайындағы Том Брэдли халықаралық терминалының алдында жиналды. Олар президент Трамптың саяхат жасауға тыйым салуына қарсы болды. 2017 жылдың 29 қаңтарында мұндай наразылық акциялары елдің барлық әуежайында өтті.
Лос-Анджелес халықаралық әуежайы - Sputnik Қазақстан
14/18
Мыңдаған наразылық білдірушілер Лос-Анджелес халықаралық әуежайындағы Том Брэдли халықаралық терминалының алдында жиналды. Олар президент Трамптың саяхат жасауға тыйым салуына қарсы болды. 2017 жылдың 29 қаңтарында мұндай наразылық акциялары елдің барлық әуежайында өтті.
© REUTERS / Carlos Barria АҚШ президенті Дональд Трамп Аламодағы АҚШ пен Мексика арасындағы шекара қорғанына келген сәт, 2021 жылдың 12 қаңтары.
АҚШ президенті Дональд Трамп Аламодағы АҚШ пен Мексика арасындағы шекара қорғанына келген сәт, 2021 жылдың 12 қаңтары.  - Sputnik Қазақстан
15/18
АҚШ президенті Дональд Трамп Аламодағы АҚШ пен Мексика арасындағы шекара қорғанына келген сәт, 2021 жылдың 12 қаңтары.
© REUTERS / Leah Millis 2021 жылдың 13 қаңтарында АҚШ Өкілдер палатасының спикері Нэнси АҚШ президенті Дональд Трампқа импичмент жариялау туралы мәтінді көрсетіп тұр.
2021 жылдың 13 қаңтарында АҚШ Өкілдер палатасының спикері Нэнси АҚШ президенті Дональд Трампқа импичмент жариялау туралы мәтінді көрсетіп тұр.  - Sputnik Қазақстан
16/18
2021 жылдың 13 қаңтарында АҚШ Өкілдер палатасының спикері Нэнси АҚШ президенті Дональд Трампқа импичмент жариялау туралы мәтінді көрсетіп тұр.
© REUTERS / Stephanie Keith 2021 жылдың 6 қаңтарында АҚШ президенті Дональд Трамптың жақтастары наразылық білдіру кезінде Вашингтондағы конгресс ғимаратына басып кірді.
2021 жылдың 6 қаңтарында АҚШ президенті Дональд Трамптың жақтастары наразылық білдіру кезінде Вашингтондағы конгресс ғимаратына басып кірді.  - Sputnik Қазақстан
17/18
2021 жылдың 6 қаңтарында АҚШ президенті Дональд Трамптың жақтастары наразылық білдіру кезінде Вашингтондағы конгресс ғимаратына басып кірді.
© Sputnik / Brian SmithПолиция қызметкерлері Нью-Йорктегі тәртіпсіздік кезінде бүлік шығарғандарды ұстап жатыр. Мұндай наразылық білдіру жиындары Миннеаполисте полицейлердің кесірінен афроамерикалық Джордж Флойдтың көз жұмуына байланысты АҚШ-тың барлық қаласында өтті.
Полиция қызметкерлері Нью-Йорктегі тәртіпсіздік кезінде бүлік шығарғандарды ұстап жатыр - Sputnik Қазақстан
18/18
Полиция қызметкерлері Нью-Йорктегі тәртіпсіздік кезінде бүлік шығарғандарды ұстап жатыр. Мұндай наразылық білдіру жиындары Миннеаполисте полицейлердің кесірінен афроамерикалық Джордж Флойдтың көз жұмуына байланысты АҚШ-тың барлық қаласында өтті.
Жаңалықтар
0