Өңірлер

Мамин Түркістанның даму барысын тексерді

© Photo : пресс-служба акима Туркестанской области / Самат МырзалиевТүркістан
Түркістан - Sputnik Қазақстан
Жазылу
2020 жылы Түркістан қаласының негізгі капиталына салынған инвестиция 2019 жылмен салыстырғанда 3,8 есе өсіп, 367,6 миллиард теңгені құрады

АЛМАТЫ, 21 қаңтар – Sputnik. Үкімет басшысы Асқар Мамин Түркістан қаласында болып, жергілікті жердегі жұмыс барысын тексерді. Бұл туралы премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарлады.

Мамин "Керуен-сарай" көпфункционалды туристік кешенін, JCI халықаралық стандарты бойынша салынып жатқан 570 адамға шақталған көпбейінді аурухананы, Қазақ драма театрын, облыстық ғылыми-әмбебап кітапхананы, Тұңғыш президент саябағын, дендропарк пен ботаникалық бақ жұмысымен танысты.

Сондай-ақ "Hampton" қонақ үйі мен Халықаралық туризм университетін аралады.

"Премьер-министр өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы және биыл көктемде Түркістан қаласында өткізу жоспарланып отырған Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің саммитіне дайындық мәселелері жөнінде кеңес өткізді", – делінген ақпаратта.

Іс-сапар барысында Түркістан облысының әкімдігі Artel Electronics өзбек компаниясы мен Orbis Kazakhstan ЖШС арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Құжатқа сәйкес, өңірде ас үй плиталары мен электр су жылытқыштарын шығаратын зауыт салынады. Жаңа зауыт жылына бір миллион техника шығарады. Инвестиция көлемі – 36 миллиард теңге. Кәсіпорында 2 100 адам жұмыс істейді.

Оқи отырыңыз: Жаңа Түркістан қалай салынып жатыр – фото

Айта кетейік, 2020 жылы Түркістан қаласының негізгі капиталына салынған инвестиция 2019 жылмен салыстырғанда 3,8 есе өсіп, 367,6 миллиард теңгені құрады. Инвестицияның негізгі үлесі туризм, логистика және жылжымайтын мүлік саласына бағытталды.

Жаңалықтар
0