01:22 04 Желтоқсан 2020
Тікелей эфир
  • USD422.87
  • EUR512.10
  • RUB5.63
  • Түркістанда халықаралық туризм және спорт университеті
  • Оқу ордасы екі қабаттан тұрады. Кіре берісінде субұрқақ бар
  • Оқу ғимаратының жанында студенттер жатақханасы да салынып жатыр
  • Түркістан қаласының мәдени-рухани орталығында Тұңғыш президент саябағының құрылысы қарқынды жүріп жатыр
  • Алыстан көзге түсетін ашық көк түсті Ұлы дала елі музейі де пайдалануға берілуге дайын
  • Рухани астананың мәдени-рухани орталығындағы тағы бір ерекше ғимарат – Қожа Ахмет Ясауи музейі
  • 2019 жылдың аяғында салына бастаған драма театрдың құрылысы әлі де жүріп жатыр
  • Қожа Ахмет Ясауи кесенесі жанындағы Назарбаев аллеясы.
  • Көне шаһардың символы саналатын Қожа Ахмет Ясауи кесенесі маңында да абаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр
  • Рухани астана қонақтары жиі келіп жатқан тағы бір ғимарат – қабылдау орталығы
  • Жол бойындағы үйлер де Ұлы жібек жолын еске салады.
  • Жаңадан ашылған неке сарайы да Түркістан қаласының мәдени-рухани орталығында бой көтерді
  • Мәдени-рухани орталық аумағында тегін интернет қосылған, сондай-ақ қала қонақтары үшін карта орнатылған.
  • Рекордтық уақытта салынған Түркістан әуежайы
© Sputnik / Айгерім Таубай
Түркістанда халықаралық туризм және спорт университеті бой көтерді. Екі қабаттан тұратын оқу ордасының құрылыс жұмыстары аяқталған, енді ішіне жабдықтарды жеткізу жұмыстары қалды.

Түркі жұртының рухани астанасы саналатын Түркістан қаласы облыс орталығы болған екі жыл ішінде жаңа сипатқа ие болды. Бүгінде қарқынды жүріп жатқан құрылыс жұмыстары өз нәтижесін беріп келеді

Құрылыс жұмыстары қызу жүріп жатқан Түркістан қаласының мәдени-рухани орталығы 290 гектарды құрайды. Ол жерге Керуен сарай, Тұңғыш президент саябағы, Нұрсұлтан Назарбаев аллеясы, бес жұлдызды қонақ үйлер салынып жатыр. Қазірдің өзінде халықаралық туризм және спорт университеті, неке сарайы, драма театр құрылысы аяқталған. "Ұлы дала елі" және "Қожа Ахмет Ясауи" музейі де қала орталығына көрік беріп тұр.

Құрылыс жұмыстары қарқынды жүріп жатқан жер – Керуен сарай. Халық арасында ол жерді "шығыс базары" деп те атайды. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, базардың аумағы бір шағын ауданға тең болады. Келешекте сауда-саттықтың орталығы болады деп жоспарланып отыр.

Түркістанға сапар барысында құрылыс алаңындағы жұмысшылармен сөйлесу мүмкіндігі туды. Түркістанның жанында орналасқан Иқан ауылының екі тұрғыны күн сайын қалаға келіп жұмыс істейді. Айтуынша, бұған дейін басқа қалаға нәпақасын табу үшін баратын болған. Ал қазір жақын жерден жұмыс бар, жалақысы отбасын асырауға жетеді.

"Жұмыс жүріп жатыр. Үйден шығып, кешке үйге барамыз. Бұрын астана, Алматыға барып жұмыс істедік. Бірақ құрылыстың көп болғаны да кері әсерін беріп жатыр. Құрылысқа керек материалдардың бағасы шарықтап кетті", – дейді иқандық азамат.

Оқи отырыңыз: Қызғылт көл үстіндегі пойыз: Ресей мен Қазақстан шекарасындағы таңғажайып көріністер

Халықаралық туризм және спорт университетін салып жатқан құрылысшылар оқу орны ғимаратының 95%-ке аяқталғанын, енді тек ішіне қажетті жабдықтарды жеткізу керек екенін алға тартты.

Айта кету керек, мәдени-рухани орталық аумағындағы ғимараттардың басым бөлігі шығыс стилінде жасалған.

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің айтуынша, 2020 жылы Түркістан қаласын дамыту мен 161 нысанның құрылысына мемлекет бюджетінен 124,2 миллиарда теңге бөлінді.

Кілт сөздер:
құрылыс, Түркістан
Загрузка...

Басты тақырып