Фотоаппарат - Sputnik Қазақстан
Фото
Әлем және Қазақстан жаңалықтары - суреттер сөйлейді

Жаңа Түркістан қалай салынып жатыр – фото

Жазылу
Түркі жұртының рухани астанасы саналатын Түркістан қаласы облыс орталығы болған екі жыл ішінде жаңа сипатқа ие болды. Бүгінде қарқынды жүріп жатқан құрылыс жұмыстары өз нәтижесін беріп келеді

Құрылыс жұмыстары қызу жүріп жатқан Түркістан қаласының мәдени-рухани орталығы 290 гектарды құрайды. Ол жерге Керуен сарай, Тұңғыш президент саябағы, Нұрсұлтан Назарбаев аллеясы, бес жұлдызды қонақ үйлер салынып жатыр. Қазірдің өзінде халықаралық туризм және спорт университеті, неке сарайы, драма театр құрылысы аяқталған. "Ұлы дала елі" және "Қожа Ахмет Ясауи" музейі де қала орталығына көрік беріп тұр.

Құрылыс жұмыстары қарқынды жүріп жатқан жер – Керуен сарай. Халық арасында ол жерді "шығыс базары" деп те атайды. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, базардың аумағы бір шағын ауданға тең болады. Келешекте сауда-саттықтың орталығы болады деп жоспарланып отыр.

Түркістанға сапар барысында құрылыс алаңындағы жұмысшылармен сөйлесу мүмкіндігі туды. Түркістанның жанында орналасқан Иқан ауылының екі тұрғыны күн сайын қалаға келіп жұмыс істейді. Айтуынша, бұған дейін басқа қалаға нәпақасын табу үшін баратын болған. Ал қазір жақын жерден жұмыс бар, жалақысы отбасын асырауға жетеді.

"Жұмыс жүріп жатыр. Үйден шығып, кешке үйге барамыз. Бұрын астана, Алматыға барып жұмыс істедік. Бірақ құрылыстың көп болғаны да кері әсерін беріп жатыр. Құрылысқа керек материалдардың бағасы шарықтап кетті", – дейді иқандық азамат.

Оқи отырыңыз: Қызғылт көл үстіндегі пойыз: Ресей мен Қазақстан шекарасындағы таңғажайып көріністер

Халықаралық туризм және спорт университетін салып жатқан құрылысшылар оқу орны ғимаратының 95%-ке аяқталғанын, енді тек ішіне қажетті жабдықтарды жеткізу керек екенін алға тартты.

Айта кету керек, мәдени-рухани орталық аумағындағы ғимараттардың басым бөлігі шығыс стилінде жасалған.

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің айтуынша, 2020 жылы Түркістан қаласын дамыту мен 161 нысанның құрылысына мемлекет бюджетінен 124,2 миллиарда теңге бөлінді.

© Sputnik / Айгерім ТаубайТүркістанда халықаралық туризм және спорт университеті бой көтерді. Екі қабаттан тұратын оқу ордасының құрылыс жұмыстары аяқталған, енді ішіне жабдықтарды жеткізу жұмыстары қалды.
Түркістанда халықаралық туризм және спорт университеті  - Sputnik Қазақстан
1/14
Түркістанда халықаралық туризм және спорт университеті бой көтерді. Екі қабаттан тұратын оқу ордасының құрылыс жұмыстары аяқталған, енді ішіне жабдықтарды жеткізу жұмыстары қалды.
© Sputnik / Айгерім ТаубайОқу ордасы екі қабаттан тұрады. Кіре берісінде субұрқақ бар. Сонымен қатар "Болашақ білімді жастар қолында" деген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сөзі жазылған.
Оқу ордасы екі қабаттан тұрады. Кіре берісінде субұрқақ бар - Sputnik Қазақстан
2/14
Оқу ордасы екі қабаттан тұрады. Кіре берісінде субұрқақ бар. Сонымен қатар "Болашақ білімді жастар қолында" деген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сөзі жазылған.
© Sputnik / Айгерім ТаубайОқу ғимаратының жанында студенттер жатақханасы да салынып жатыр. Студенттер үйі үш қабаттан тұрады.
Оқу ғимаратының жанында студенттер жатақханасы да салынып жатыр - Sputnik Қазақстан
3/14
Оқу ғимаратының жанында студенттер жатақханасы да салынып жатыр. Студенттер үйі үш қабаттан тұрады.
© Sputnik / Айгерім ТаубайТүркістан қаласының мәдени-рухани орталығында "Тұңғыш президент саябағының" құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Қазірдің өзінде саябаққа кіретін қақпа дайын. Саябақ аумағы – 38 гектар.
Түркістан қаласының мәдени-рухани орталығында Тұңғыш президент саябағының құрылысы қарқынды жүріп жатыр - Sputnik Қазақстан
4/14
Түркістан қаласының мәдени-рухани орталығында "Тұңғыш президент саябағының" құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Қазірдің өзінде саябаққа кіретін қақпа дайын. Саябақ аумағы – 38 гектар.
© Sputnik / Айгерім ТаубайАлыстан көзге түсетін ашық көк түсті "Ұлы дала елі" музейі де пайдалануға берілуге дайын. Құрылысшылардың айтуынша, ғимараттың ішінде азды-көпті жұмыс бар, оның ішіне тарихи жәдігерлер қойылады.
Алыстан көзге түсетін ашық көк түсті Ұлы дала елі музейі де пайдалануға берілуге дайын - Sputnik Қазақстан
5/14
Алыстан көзге түсетін ашық көк түсті "Ұлы дала елі" музейі де пайдалануға берілуге дайын. Құрылысшылардың айтуынша, ғимараттың ішінде азды-көпті жұмыс бар, оның ішіне тарихи жәдігерлер қойылады.
© Sputnik / Айгерім ТаубайРухани астананың мәдени-рухани орталығындағы тағы бір ерекше ғимарат – Қожа Ахмет Ясауи музейі. Аумақтағы шығыс стилі басымырақ ғимараттармен салыстырғанда мұражай заманауи үлгіде жасалған. Үш қабатты музейдің жалпы аумағы – 3 381 шаршы метр.
Рухани астананың мәдени-рухани орталығындағы тағы бір ерекше ғимарат – Қожа Ахмет Ясауи музейі - Sputnik Қазақстан
6/14
Рухани астананың мәдени-рухани орталығындағы тағы бір ерекше ғимарат – Қожа Ахмет Ясауи музейі. Аумақтағы шығыс стилі басымырақ ғимараттармен салыстырғанда мұражай заманауи үлгіде жасалған. Үш қабатты музейдің жалпы аумағы – 3 381 шаршы метр.
© Sputnik / Айгерім Таубай2019 жылдың аяғында салына бастаған драма театрдың құрылысы әлі де жүріп жатыр. Бұл ғимаратты Түркістан мен Ақтөбе облыстары бірігіп қаржыландырды. Ғимарат 4 қабаттан тұрады, жалпы көлемі – 9 700 шаршы метр. Нысан алдына Әбу Насыр әл-Фарабидің мүсіні орнатылған.
2019 жылдың аяғында салына бастаған драма театрдың құрылысы әлі де жүріп жатыр - Sputnik Қазақстан
7/14
2019 жылдың аяғында салына бастаған драма театрдың құрылысы әлі де жүріп жатыр. Бұл ғимаратты Түркістан мен Ақтөбе облыстары бірігіп қаржыландырды. Ғимарат 4 қабаттан тұрады, жалпы көлемі – 9 700 шаршы метр. Нысан алдына Әбу Насыр әл-Фарабидің мүсіні орнатылған.
© Sputnik / Айгерім ТаубайҚожа Ахмет Ясауи кесенесі жанындағы Назарбаев аллеясы.
Қожа Ахмет Ясауи кесенесі жанындағы Назарбаев аллеясы. - Sputnik Қазақстан
8/14
Қожа Ахмет Ясауи кесенесі жанындағы Назарбаев аллеясы.
© Sputnik / Айгерім ТаубайКөне шаһардың символы саналатын Қожа Ахмет Ясауи кесенесі маңында да абаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Соған қарамастан қазірдің өзінде бұл маңға зиярат етіп келушілердің қарасы қалың.
Көне шаһардың символы саналатын Қожа Ахмет Ясауи кесенесі маңында да абаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр - Sputnik Қазақстан
9/14
Көне шаһардың символы саналатын Қожа Ахмет Ясауи кесенесі маңында да абаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Соған қарамастан қазірдің өзінде бұл маңға зиярат етіп келушілердің қарасы қалың.
© Sputnik / Айгерім ТаубайРухани астана қонақтары жиі келіп жатқан тағы бір ғимарат – қабылдау орталығы. Visit centre ішінде мұражай, қолөнер бұйымдарын сататын дүкендер мен ұлттық киіммен фотоға түсуге арналған кабинеттер бар. Сондай-ақ, қала тұрғындары мен қонақтары орталық ішінде тамақтана алады.
Рухани астана қонақтары жиі келіп жатқан тағы бір ғимарат – қабылдау орталығы - Sputnik Қазақстан
10/14
Рухани астана қонақтары жиі келіп жатқан тағы бір ғимарат – қабылдау орталығы. Visit centre ішінде мұражай, қолөнер бұйымдарын сататын дүкендер мен ұлттық киіммен фотоға түсуге арналған кабинеттер бар. Сондай-ақ, қала тұрғындары мен қонақтары орталық ішінде тамақтана алады.
© Sputnik / Айгерім ТаубайЖол бойындағы үйлер де Ұлы жібек жолын еске салады.
Жол бойындағы үйлер де Ұлы жібек жолын еске салады. - Sputnik Қазақстан
11/14
Жол бойындағы үйлер де Ұлы жібек жолын еске салады.
© Sputnik / Айгерім ТаубайЖаңадан ашылған неке сарайы да Түркістан қаласының мәдени-рухани орталығында бой көтерді. Бұл ғимаратқа Елбасы рухани астанаға жасаған сапарында келген болатын.
Жаңадан ашылған неке сарайы да Түркістан қаласының мәдени-рухани орталығында бой көтерді - Sputnik Қазақстан
12/14
Жаңадан ашылған неке сарайы да Түркістан қаласының мәдени-рухани орталығында бой көтерді. Бұл ғимаратқа Елбасы рухани астанаға жасаған сапарында келген болатын.
© Sputnik / Айгерім ТаубайМәдени-рухани орталық аумағында тегін интернет қосылған, сондай-ақ қала қонақтары үшін карта орнатылған.
Мәдени-рухани орталық аумағында тегін интернет қосылған, сондай-ақ қала қонақтары үшін карта орнатылған. - Sputnik Қазақстан
13/14
Мәдени-рухани орталық аумағында тегін интернет қосылған, сондай-ақ қала қонақтары үшін карта орнатылған.
© PhotoРекордтық уақытта салынған Түркістан әуежайы қаладан 20 шақырым жерде орналасқан. Әуежайдың жалпы ауданы – 905 гектар, жолаушылар терминалының ауданы – 10,5 мың шаршы метр. Тәуелсіз Қазақстанның алғашқы жаңа әуежайы бірінші желтоқсаннан бастап іске қосылады.
Рекордтық уақытта салынған Түркістан әуежайы - Sputnik Қазақстан
14/14
Рекордтық уақытта салынған Түркістан әуежайы қаладан 20 шақырым жерде орналасқан. Әуежайдың жалпы ауданы – 905 гектар, жолаушылар терминалының ауданы – 10,5 мың шаршы метр. Тәуелсіз Қазақстанның алғашқы жаңа әуежайы бірінші желтоқсаннан бастап іске қосылады.
Жаңалықтар
0