Өңірлер

Қазақстанның жеті облысында дабылды ескерту жарияланды

© AP Photo / Nati HarnikБұрқасын, адамдар
Бұрқасын, адамдар - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Синоптиктердің болжамынша, кейбір өңірлерде қар жауып, бұрқасындатады, жел күшейеді, тұман түседі

НҰР-СҰЛТАН, 19 қаңтар – Sputnik. Қазақстанның жеті облысында 20 қаңтар дабылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Қазгидромет.

Ақмола облысында күндіз басым бөлігінде қар жауады деп болжанып отыр. Кей жерлерде бұрқасындатып, тұман түседі. Шығыстан соғатын желдің бағыты оңтүстік-батысқа ауысады, күші кей жерлерде 15-20 м/с дейін барады. Көкшетау қаласында таңертең және күндіз бұрқасын соғады, тұман басады, желдің екпіні 15 м/с болады.

Қостанай облысында кей жерлерде – тұман және бұрқасын. 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Қарағанды облысында кей жерлерде бұрқасындатады деп күтілуде. Оңтүстік-батыстан, батыстан соғатын жел 15-20 м/с дейін күшейеді. Қарағанды қаласында күндіз жел күшейеді, екпіні – 18 м/с.

Тағы оқыңыз: Қазгидромет: желтоқсан айында соңғы 8 жылдағы ең қаһарлы қыс болды

Солтүстік Қазақстан облысының басым аумағында күндіз қар жауады. Кей жерлерде тұман түсіп, бұрқасындатады. Желдің күші 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с дейін жетеді деп болжануда. Петропавл қаласында да бұрқасын соғады, желдің екпіні 23-28 м/с дейін күшейеді.

Түркістан облысында кей жерлерде – тұман және жел (15-20 м/с).

Қызылорда облысында кей жерлерде тұман, көктайғақ болады. Қызылорда қаласында – көктайғақ.

Батыс Қазақстан облысында кей жерлерді тұман басады, бұрқасындатады. Орал қаласында да тұман және бұрқасын болжанып отыр.

Жаңалықтар
0