Өңірлер

Қазгидромет: желтоқсан айында соңғы 8 жылдағы ең қаһарлы қыс болды

© Sputnik / Владислав ВодневСнегопад, зима
Снегопад, зима - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Елдің барлық аймағында ауа температурасы климаттық нормадан 1-7°С-қа төмен болды. Соңғы рет мұндай көрсеткіш 2012 жылы байқалды

АЛМАТЫ, 12 қаңтар — Sputnik. "Қазгидромет" 2020 жылдың желтоқсан айында Қазақстанда соңғы сегіз жылдағы ең аязды қыс болғанын айтты. 

"Қазақстанның барлық дерлік аймағында ауа температурасы климаттық нормадан 1-7°С-қа төмен болды. Аяз ошақтары болған Ақтөбе және Қарағанды облыстарында бұл көрсеткіш 8-10°С деңгейіне жетті", - деп жазылған хабарламада. 

Синоптиктер хабарлағандай, елдің солтүстігі мен шығысында жекелеген аудандарда ауа температурасы климаттық норма шамасында сақталып тұрды. 

10-12°-қа дейінгі нормадан төмен суық ауа райы 2002 және 2012 жылдары желтоқсан айында болған. 

Қар аз жауды 

Бүкіл республика аумағында жауған қар көлемі де көпжылдық деңгейден төмен болды. Климаттық норма Қазақстанның солтүстік-шығысындағы кей жерлерде, елдің солтүстік және солтүстік-батысындағы кей аудандарда сақталды. Түскен қар көлемі бойынша мұндай ұқсас жағдай 1984 және 2011 жылы желтоқсанда болған. 

Елордада желтоқсанның ең жылы және ең суық күні

Метеорологиялық бақылаудың бүкіл мерзімінде қазіргі Нұр-Сұлтан аумағындағы ең суық күн 1929 жылдың 12 желтоқсанында тіркелген. Бұл күні түнгі уақытта сынап бағанасы -43,5°С-қа дейін төмендеді. Ал, 2020 жылдың 21 желтоқсанында ең төменгі температура -27°С болған. 

Сондай-ақ, қыстың алғашқы айындағы ең жоғары ауа температурасы 2008 жылдың 7 желтоқсанында тіркеліп, +4,5°С көрсеткен. Ал, 2020 жылы 11 желтоқсанда 5 градус нөлден жоғары болды.

Жаңалықтар
0