Қоғам

Назарбаев Әлімғазы Райымбековтің отбасына көңіл айтты

© Sputnik / Сергей КимЦветы и свечи в память о жертвах теракта в метро Санкт-Петербурга возле Генконсульства Алматы
Цветы и свечи в память о жертвах теракта в метро Санкт-Петербурга возле Генконсульства Алматы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
19 қаңтарда "Тақиялы періште" фильмінде Тайлақтың рөлін сомдаған Әлімғазы Райымбеков 86 жасына қараған шағында дүниеден өтті

АЛМАТЫ, 19 қаңтар – Sputnik. Елбасы белгілі актер Әлімғазы Райымбековтің өмірден өтуіне байланысты туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Ол ұлттық киномызда ұмытылмас бейнесі мен өзіндік ізін қалдырған талант иесі болатын. Елбасы оның жарқын бейнесі жұртшылық жадында әрдайым сақталады деп сенім білдірді", - деп жазды Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Twitter парақшасында.

Айта кетейік, 19 қаңтарда "Тақиялы періште" фильмінде Тайлақ рөлін сомдаған Әлімғазы Райымбеков 86 жасына қараған шағында дүниеден өтті

Әлімғазы Райымбеков 1936 жылы 1 желтоқсанда Алматы облысында дүниеге келген.

© скрин видео/агентство "Хабар"Белгілі актер 1968 жылы "Тақиялы періште" кинофильміндегі Тайлақ рөлін сомдады
Назарбаев Әлімғазы Райымбековтің отбасына көңіл айтты - Sputnik Қазақстан
Белгілі актер 1968 жылы "Тақиялы періште" кинофильміндегі Тайлақ рөлін сомдады

Совхозда көлік жүргізушісі болып қызмет еткен. Содан кейін 1965 жылы алғашқы "Ән қанатында" фильміне шақырту алды.

1968 жылы "Тақиялы періште" кинофильміндегі Тайлақ рөлін сомдады. Осы кезден жұртшылыққа кеңінен таныла бастады.

Марқұмның жаназасы 20 қаңтарда Алматы облысы Көксу ауданы Мәмбет ауылында өтеді.

 

Жаңалықтар
0