Қоғам

Сарапшы телефонға код қоюдың ең сенімді әдісін атады

© Sputnik / Максим Блинов / Медиабанкке өтуQR-код
QR-код - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Черновтың айтуынша, бұл әдіс бірінші тәсілге қарағанда әлдеқайда сенімді әрі телефон тек бір адамға ғана ашылады

АЛМАТЫ, 19 қаңтар – Sputnik. Смартфонды алаяқтардан қорғаудың бірнеше тәсілі бар. Ресейлік IT-маман Даниил Чернов қай әдістің сенімді екенін айтты, деп хабарлайды "Невские новости".

Сарапшы деректерді аутентификациялау екі қағидат бойынша жүргізілетінін алға тартты.

Бірінші жағдайда телефонның құпия коды ретінде сандар мен сызбаларды қолдануға болады. Алайда оны оңай тауып алуға болады. Осы тәсілді таңдаған жағдайда басқа жүйелердің пароліне сәйкес келмейтін күрделі сандық немесе графикалық комбинацияларды ойлап тапқан дұрыс.

Ал екінші жағдай биометриялық деректерді пайдаланып экранның құлпын ашуға негізделген. Оны дауыс арқылы, бет және саусақ ізін сканерлеу арқылы ашуға болады.

Черновтың түсіндіруінше, бұл әдіс бірінші тәсілге қарағанда әлдеқайда сенімді. Өйткені телефон тек бір адамға ғана ашылады.

Оқи отырыңыз: Телефонды сымсыз зарядтау қауіпті ме – сарапшы пікірі

Айта кетейік, бұған дейін телефонды қандай жағдайда қуаттауға болмайтыны туралы ақпарат жариялаған болатынбыз. Ол жерде телефон батареясы ұлғайып немесе күнге қатты қызып кеткенде, яки дымқыл күйінде қуаттамауға кеңес берілген.

Жаңалықтар
0