Қоғам

"Телефон жарылып кетеді": смартфонды қандай жағдайда зарядтауға болмайды

© Sputnik / Евгения Новоженина / Медиабанкке өтуЗарядка мобильных гаджетов
Зарядка мобильных гаджетов - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Батареяның ескіруі мен зақымдануы қуаттау кезінде қиындық тудырады. Телефонды құлатып алсаңыз немесе ұзақ уақыттан бері қолданып жүрсеңіз, осындай жағдайға тап болуыңыз мүмкін

АЛМАТЫ, 18 қаңтар – Sputnik. Телефонды батареясы ұлғайып, күнге қатты қызып кеткенде немесе дымқыл болып күйінде қуаттауға болмайды. 

"Телефон қуатталмай қалса немесе жылдамырақ қуаттай бастаса, параметрлерден телефонның қуат жұмсау статистикасын тексеру қажет. Смартфон қуаты жаңа қосымша салдарынан тез таусыла бастауы мүмкін, ал оған батареяның еш қатысы жоқ", - деді "Роскачество" цифрлық өнімдерін сынау жөніндегі аға маман Сергей Кузьменко "Прайм" агенттігіне.

Батареяның ескіруі мен зақымдануы қуаттау кезінде қиындық тудырады. Телефонды құлатып алсаңыз немесе ұзақ уақыттан бері қолданып жүрсеңіз, осындай жағдайға тап болуыңыз мүмкін.

Телефон қуаттағышы түпнұсқа болмаса, арзан өнімдер қолданылса, батарея "өмірі" қысқарады.

Егер батареяның жағдайы смартфон сапасына әсер етсе, құрылғыны қуаттамаңыз. Оны жөндеуге беріңіз. Әйтпесе, батареясында ақау бар телефон жарылып кетеді, деп түйіндеді Кузьменко.

 

Жаңалықтар
0