Саясат

Медведев Назарбаевты жеңісімен құттықтады

© Sputnik / Владислав ВодневДауыс беру сәті
Дауыс беру сәті - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Дауыс беру нәтижесінде басқарушы партия 71,09 процент дауыс алып, мәжілістегі 76 мандатқа ие болды

НҰР-СҰЛТАН, 19 қаңтар – Sputnik. "Единая Россия" партиясының төрағасы, Ресей қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары Дмитрий Медведев Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевты мәжіліс депутаттарын сайлаудағы Nur Otan партиясының жеңісімен құттықтады.

Тұңғыш президенттің баспасөз қызметі Медведев Назарбаевты мәжіліс депутаттарының кезекті сайлауында Nur Otan партиясының сенімді жеңісімен құттықтады деп хабарлайды elbasy.kz сайты.

"Ол дауыс беру нәтижелері жалпыұлттық сенімді және партияның елді өркендетуге бағытталған стратегиялық бағдарын қолдайтынын көрсеткенін атап өтті", – делінген хабарламада.

Нұрсұлтан Назарбаев Дмитрий Медведевке жылы лебіздері үшін ризашылығын білдіріп, Қазақстан-Ресей стратегиялық және одақтастық қатынастарының рухы мен мазмұнына сай келетін Nur Otan мен "Единая Россия" партияларының арасындағы ынтымақтастық жоғары деңгейде екеніне тоқталды.

Тараптар алдағы уақытта да екі елдің басты партиялары арасындағы өзара іс-қимылды одан әрі тереңдету және кеңейту жөнінде пікір білдірді.

Қазақстанда мәжіліс депутаттарының сайлауы 2021 жылы 10 қаңтарда өтті. Дауыс беру нәтижесінде Nur Otan (71,09% дауыс), "Ақ жол" (10,95%) және "Қазақстан халық партиясы" (9,1%) жеңіске жетті.

Оқи отырыңыз: Бәріне қарсымын": сайлау бюллетенінде тағы бір таңдау ұяшығы болады

Назарбаев бастаған Nur Otan партиясы парламенттің төменгі палатасында 76 орынға ие болды.

Жаңалықтар
0