Қоғам

"Бәріне қарсымын": сайлау бюллетенінде тағы бір таңдау ұяшығы болады  

© Sputnik / Абзал КалиевВыборы, голосование, иллюстративное фото
Выборы, голосование, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мемлекет басшысы адам құқықтарын қорғау саласын барынша жетілдіріп, оны институционалды жағынан нығайта түсу қажет деп санайды

НҰР-СҰЛТАН, 15 қаңтар – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев сайлау бюллетеніне "Бәріне қарсымын" деген ұяшықты енгізуді тапсырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

VII шақырылған парламент сессиясында мемлекет басшысы адам құқықтарын толық қорғау басты мақсаттардың бірі екенін ерекше атап өтті. Бұл ретте азаматтардың таңдау еркіндігін барынша қамтамасыз ету аса маңызды.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда қандай маңызды құжаттар қабылданады 

Әлемдік тәжірибеде адамның қандай да бір сайлауға келіспейтінін немесе үміткерлердің бәріне қарсы екенін заңды түрде білдіру құқығы кеңінен қалыптасқан.

"Шын мәнінде, баламалы пікір және бәріне қарсы дауыс беру ұғымы біз үшін де қалыпты нәрсе болуға тиіс. Сондықтан барлық деңгейдегі сайлау бюллетеніне "Бәріне қарсымын" деген жазу енгізген жөн. Бұл бастама азаматтардың сайлау құқығын қорғауға жағдай жасайды. Таңдауы жоқтығын ресми түрде көрсетудің өзі таңдау емес пе?", - деді Тоқаев.

Мемлекет басшысының айтуынша, адам құқықтарын қорғау саласын барынша жетілдіру керек. Оны ұйымдастырушылық және институционалды жағынан нығайта түсу маңызды.

"Мысалы, бізде омбудсмен иституты бар. Бірақ ол әзірше өз әлеуетін толығымен көрсете алмай отыр. Сондықтан жақын арада омбудсмен туралы арнайы заң қабылдауымыз керек. Бұл заң аталған институттың қызметін барлық бағыт бойынша реттейді. Адам құқықтарына байланысты негізгі мәселелер өңірлерде байқалып отыр. Жергілікті биліктің үстінен арыз-шағымдар көп түседі. Сондықтан омбдусмен институтын ең алдымен аймақтарда күшейту керек", - деп атап өтті Тоқаев.

Жаңалықтар
0