Қоғам

Қазақстанда қандай маңызды құжаттар қабылданады

© Sputnik / Владислав ВодневЗдание Акорды
Здание Акорды - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мемлекеттік жоспарлаудың жаңа жүйесін қабылдау жоспарланып отыр. Ал 2025 жылға дейінгі елдің дамуына арналған жоспар жаңартылады

НҰР-СҰЛТАН, 15 қаңтар – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы уақытта қабылданатын маңызды құжаттарды атады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

"Жалпы, жүйелі өзгерістер жалғаса береді. Біз соның бәрін 29 қаңтарда реформалар жөніндегі Жоғарғы кеңесінің отырысында жан-жақты талқылаймыз. Сол жерде негізгі бағыттар бойынша шешім қабылданады", - деді Тоқаев VII шақырылымдағы парламент сессиясында.

Президенттің айтуынша, мемлекеттік жоспарлаудың жаңа жүйесін қабылдау жоспарланып отыр. Ал 2025 жылға дейінгі елдің дамуына арналған жоспар жаңартылады.

"Мемлекеттік басқарудың жаңа тұжырымдамасы бар. Осы құжаттардың қаншалықты ауқымды әрі маңызды екенін ескерсек, оны іске асыру үшін  тиісті заңнама базасын әзірлеу керек болады", - деп атап көрсетті Тоқаев.  

Мемлекет басшысы үкіметке берген тапсырмасына да тоқталды. Жылдың алғашқы жартыжылдығы аяқталғанға дейін мемлекеттік бағдарламалар трансформациясын жасау қажет. Енді, ол құжаттар ұлттық жобаларға айналады.

Жаңалықтар
0